Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары мен берілген лицензиялардың шарттарын бұзу фактілеріне байланысты кен іздеушілікке берілген тағы 29 лицензияның күші жойылды, деп хабарлайды F16.kz.
Бүгінде облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы жер қойнауын пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуына бақылау жүргізіп жатыр.
Бақылау іс-шаралары шеңберінде жер қойнауын пайдалану учаскелеріне барып тексеру жүргізіледі. Оның барысында кен іздеушілік қызметті жүзеге асыру кезінде белгіленген талаптардың сақталуы қаралады. Тексеру нәтижелері бойынша заңнама талаптары бұзылса жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты тиісті шаралар қабылданады, — делінген хабарламада.
Бұл бағыттағы жұмыс кен іздеушілік қызметті жүзеге асыру кезінде заңдылықты қамтамасыз етуге және жер қойнауын пайдаланушылардың белгіленген талаптарды сақтау жауапкершілігін арттыруға бағытталған.




