Шығыс Қазақстанда таксидегі жолаушы жүргізуші жоқ кезде рульге отырып, көлікті соғып алған, деп хабарлайды F16.kz.
Полиция ақпаратына сәйкес, жолаушы әйел таксиге отырып, бірнеше мекенжайға апаруды сұраған. Соңғы нүктеге жеткенде такси жүргізушісі көліктен шығып кеткен. Сол сәтте жолаушы рөлге отырып, жүре бергенде көлікті соғып алған. Оның жүргізуші куәлігі де болмаған.
«Оқиға салдарынан көлікке зақымданды. Көлік иесі полицияға жүгінген. Полиция қызметкерлері жолаушы әйелді ұстап, оның мас күйде болғанын және көлік құралдарын басқару құқығы жоқ екені анықтады, — делінген хабарламада.
Шығын көлемі әзірше 2,5 миллион теңге деп бағаланды. Автокөлікті заңсыз иелену фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.




