F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

ШҚО-да оқушыларға тау шаңғы спортын үйретіп жатыр

F16 F16
24.02.2026, 09:24
Жаңалықтар, Өскемен, Спорт
Фото: F16.kz

Фото: F16.kz

Өскеменде Денсаулық күні оқу-жаттығуы өтті. Іс-шараны қалалық денешынықтыру, спорт және туризм бөлімі ұйымдастырды. Жобаға облыс орталығындағы мектептерден 200 оқушы қатысты, деп хабарлайды F16.kz.

 

1 - 12
- +

Төрт күн бойы 5–9-сынып оқушылары «Нұртау» тау-шаңғы базасына барып, тәжірибелі нұсқаушылардан тау шаңғы және сноуборд тебуді үйренді.

Қалалық білім бөлімінің денешынықтыру әдіскері Сырым Байсұлтановтың айтуынша, жоба өткен аптада басталған. Күн сайын базаға 50 бала келіп, жаттығады.

Жобаға барлығы 200 оқушы тіркелді. Балалар оқу-жаттығу сабақтарынан өтіп жатыр. Нұсқаушылар оларға шаңғымен жүру, әртүрлі қимыл жасау, көтерілу және түсу тәсілдерін үйретті, – деді ол.

Қатысушыларға заманауи спорт құрал-жабдықтары берілді, жайлы көлікпен тасымалдап, ыстық тамақ ұйымдастырылды. Қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлінген: сабақтар қорғаныс торымен қоршалған арнайы тау-шаңғы базасында өтті. Бес баладан жасақталған әр топқа жеке нұсқаушы бекітілді. Сонымен қатар мектептердің денешынықтыру пәні мұғалімдері де болды.

«Нұртау» тау-шаңғы курортының директоры Айдар Мадияров мұндай әлеуметтік жобаларға әрдайым қолдау білдіретінін айтты.

Қалалық денешынықтыру, спорт және туризм бөлімімен бірлесіп 200 оқушыны қабылдап жатырмыз. Біз қажетті құрал-жабдықтарды жалға беруді, трассадағы қауіпсіздікті және медициналық пункттің жұмысын қамтамасыз етеміз, – деді ол.

Тау шаңғы мен сноубордтан бөлек, оқушылар тюбингпен сырғанақ тепті. Балалар қыстың қызығын көріп, спорт дағдыларын меңгерді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба денсаулықты шынықтыруға ғана емес, спорт арқылы өскелең ұрпақты әлеуметтендіруге бағытталған. Бағдарламаға аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар да қатысты.

Қалалық денешынықтыру, спорт және туризм бөлімінің бас маманы Әсел Қабденнің сөзінше, негізгі мақсат – қысқы спорт түрлерін әр балаға қолжетімді ету.

Денсаулық күні – бұл жай ғана шаңғы тебу емес. Бұл – мінезді шыңдау, тәртіпке үйрену және өмір бойы есте қалатын жарқын әсерге бөлену, – деді ол.

Жаттығудың соңғы күнінде ауа райы қатысушыларды сынаққа салды. Боран соғып, айналаны ақ түтек болды. Бірақ арада бірнеше сағат өткенде күн шайдай ашылып, оқушылар таза ауадағы тамаша демалысты жалғастырды.

Тегтер: «Нұртау»F16БілімДенешынықтырусалауатты ұрпақСпорттаң шаңғыШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған