Үкімет отырысында Қазақстанға келетін туристердің жайлы және қауіпсіз демалуын қамтамасыз ету мәселесі, оның ішінде қауіпсіздік шаралары талқыланды. ШҚО әкімдігі мен облыстық төтенше жағдайлар департаменті шомылу маусымындағы қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бойынша жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды F16.kz.
Департамент мамандары жаз келісімен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын күшейткен. Бұл бағытта ақпараттық жадынамалар таратылып, туристік нысандар мен бағыттарда қауіпсіздік талаптарының сақталуы басты назарға алынды.
Аумақтарда кенеге қарсы залалсыздандыру, су сапасына қатысты зертханалық зерттеулер (санитарлық-химиялық, бактериологиялық, паразитологиялық), демалыс базаларының иелері мен қызметкерлеріне қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтар өткізу, халық пен туристер арасында қауіпсіздік ережелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілген, — дейді ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.