Облыс бойынша су айдындарындағы қауіпсіздік шараларын бұзған 44 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды F16.kz.
ШҚО ТЖД құтқарушылары тұрғындарға қысқы кезеңде су айдындарында қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіру мақсатында рейдік іс-шаралар тұрақты ұйымдастырып отырады.
Балық аулауды ұнататындарға құтқару кеудешесін, арқан, байланыс құралдарын алып жүру ұсынылады. Шұңқырларға, жарықтар мен ойықтарға жақындауға, көлік құралдарымен мұзға шығуға тыйым салынады, – делінген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.
Сондай-ақ ТЖД бір адам үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы кемінде 10 см екенін еске салады.




