Биыл ШҚО-да 13 білім ордасы салынбақ. Оның ішінде 2 мектеп «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бой көтереді, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Айта кетейік, өткен жылы 4100 оқушыға арналған 10 мектептің құрылысы жүргізіліп, 7 мектеп қолданысқа берілген болатын.
— Биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Глубокое ауданында 300 орындық және Өскеменде 600 орындық мектеп салынады. Сонымен қатар Алтай ауданының Жаңа Бұқтырма кентінде, Риддер қаласында және офттейік-келісімшарт бойынша Зайсан ауданында 2, Тарбағатайда 2, Самарда 1, Күршім ауданында 2 және Марқакөлде 2 білім нысаны бой көтереді, — деді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов облыстық мәслихаттың кезекті XX сессиясында.
Сонымен қатар Жұмысшы мамандықтар жылына орай 10-11сыныптың 149 оқушысы мектеппен қатар 4 колледжіде басым бағыттар бойынша білім алмақ.
— 9 мемлекеттік колледжге жаңа мамандар даярлау үшін 530 млн теңге бөлінді. Бұл қаражат заманауи техника мен жабдықтар сатып алуға жұмсалады, — деп атап өтті аймақ басшысы.
Фото: F16.kz/жасанды интеллект