Облыс орталығындағы жедел жәрдем станциясының көліктері жаңартылып, реанимобиль алынады. Бұл туралы ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар айтты, деп хабарлайды F16.kz.
Айта кету керек, қазіргі жедел жәрдем станциясының ғимараты 1956 жылы қолданысқа берілген. Тозығы жеткен нысанда ақ халаттылар өзгенің өмірі үшін күресіп, алғашқы көмек көрсетіп келеді.
ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов жедел жәрдем станциясы үшін жаңа типтік бокстар салуға, оның жобасын жасауға тапысарма берген.
Естеріңізге сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі медицна саласының мәселелерін кезең-кезеңімен шешуді тапсырған.
Фото: zhaksylyk_omar/instagram