Бүгін ШҚО-дағы барлық қалалық және аудандық бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында Ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Аталмыш шара «Репродуктивті денсаулық апталығы» шеңберінде ұйымдастырылып отыр.
Тұрғындар бүгін сағат 13:00-ге дейін білікті мамандардан тегін кеңес алып, репродуктивті денсаулықты сақтау, отбасын жоспарлау, алдын алу тексерістері жайлы ақпарат ала алады.
Фото: pixabay.com