«Восток Молоко» корпорациясы шығаратын айран қаптамасында енді «Алаяқтардан сақ бол» деген жазуы бар арнайы QR-кодтар орналастырылды. ШҚО полицейлері алаяқтардан қорғанудың жаңа тәсілін іске қоса бастады, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Кодты сканерлеу арқылы тұтынушылар алаяқтық схемалардан қорғану жолдары, күдікті жағдайлар туындағанда хабарласуға болатын байланыс нөмірлері және облыстық полиция департаментінің ресми парақшасына өту арқылы қажетті ақпарат алады.
Полицейлер барлық қала тұрғындары мен қонақтарын қамтып ақпараттандыруды көздеп отыр.