Шығыс Қазақстан облысы аумағында рұқсат етілмеген 15 қоқыс орнын анықталды, деп хабарлайды F16.kz.
Тексеріс «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жүргізілді.
ШҚО Глубокое ауданы прокуратурасының қызметкерлері спутниктік суреттерді талдап, аудан аумағына көзбен шолып тексеріс жүргізген.
Нәтижесінде 15 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды. Абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін полиция 177 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты, — делінген хабарламада.
Сондай-ақ лауазымды тұлғаларға қатысты да жекелеген шаралар қабылданды.
Прокурорлық қадағалау нәтижесінде 12 ауылдық округ әкімі бақылауды тиісінше жүзеге асырмағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Прокуратураның мәліметінше, салынған әкімшілік айыппұлдар толық көлемде төленді.




