Италияның Тирано қаласында скандинавиялық жаяу жүруден өткен әлем кубогінде шығысқазақстандық зейнеткер үздіктер қатарынан көрінді, деп хабарлайды F16.kz.
78 жастағы Әбілхаир Иманбеков 30 жылдан астам уақыт азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасы етуге атсалысып, облыстық төтенше жағдайлар департаментінен зейнетке шыққан. Аталған спорт түрімен бірнеше жыл қатарынан айналысып келе жатқан көрінеді.
Инфаркт алғаннан кейін денсаулығыма көп көңіл бөле бастадым. Қаламызда скандинавиялық жаяу жүрумен айналысатын топ барын естіген соң бірден қосылуды шештім. Бұл спорт түрімен кез келген адам шұғылдана алады. Осы арқылы үнемі қозғалыста, салауатты өмір салтын ұстауға болады, — дейді Әбілхаир Иманбеков.
Зейнеткер құтқарушыларды ғана емес, кез келген тұрғынды үнемі жаттығу жасап, өзі қалаған спорт түрімен тұрақты айналысуға шақырады.