Қалихан Ысқақ пен Дидахмет Әшімханұлының әдеби мұрасына арналған фотосуреттер және кітап көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Бүгін қарт Алтайдың баурайында көрнекті қаламгер, публицист және қоғам қайраткері Дидахмет Әшімханұлының шығармашылығына арналған «Ұлттық рух жыршысы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Шараға қатысушылар Шығыстан шыққан қос қаламгер Қалихан Ысқақ пен Дидахмет Әшімханұлына арналған фотосуреттер және кітап көрмесін тамашалады.
Көрмеде сирек кітап басылымдары, жазушылардың фотосуреттері, жеке қолжазбалар мен материалдары қойылған. Бұл экспонаттар қаламгерлердің шығармашылық жолын, азаматтық ұстанымын және рухани әлемін тереңірек тануға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, бүгін Катонқарағай ауданында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі басталды.