Облыс орталығында салынып жатқан гематология орталығының құрлысы биыл аяқталады. Бұл туралы аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов облыстық мәслихаттың кезекті XX сессиясында мәлім етті, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Биыл өңірде бірқатар медициналық жобаны іске асырып, үш нысанның құрлысын аяқтау жоспарланған.
Естеріңізге сала кетейік, гематология орталығының құрлысы 2022 жылы басталған. Қазір нысанның шатыры, қасбеті, терезе блоктары дайындалып, сыртқы инженерлік желілері тартылған, ал ішкі әрлеу жұмыстары аяқталуға жақын.
Өңір басшысы былтыр атқарылған бірнеше жобаға тоқталды.
Фото: primeminister.kz