Ертең «Алтай» көтерме-тарату орталығына Самар ауданынан сенбілік жәрмеңке келеді, деп хабарлайды F16 тілшісі.
Қала жұртшылығы Самар ауданы ауылшаруашылық тауар өндірушілерінен және Өскемен қаласы кәсіпкерлерінен сапалы және табиғи азық-түлік тауарларын орташа нарықтық бағадан 10-15% төмен бағада сатып ала алады.
Естеріңізге сала кетейік, қала тұрғындарын азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында 15 наурыздан бастап Алтай» КТО аумағында ауылшаруашылық жәрмеңкелерін өткізу қайта басталған болатын.