Павлодар облысында бопсалаумен айналысқан күдіктілер құрықталды, деп хабарлайды F16.kzPolisia.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар облысы ПД жедел уәкілдері екі қалада ұзақ уақыт бойы жоғары оқу орындары мен колледж студенттерін бопсалап келген маргинал жастар арасынан екі адамды ұстады.
Полицияның хабарлауынша, бұл адамдар жастарға қоқан-лоққы көрсетіп, ұрып-соққан, олардан ақша және басқа да материалдық құндылықтар талап еткен. Сондай-ақ тауар немесе ақшалай несие ресімдеткен.
Алдын ала мәлімет бойынша, ұсталғандардың шотында бопсалауға қатысты оннан астам құқық бұзушылық анықталған. Бұл олардың қылмысты жүйелі түрде істегенін көрсетеді.
ҰҚҚКБ қызметкерлері бірқатар іс-шара өткізді, нәтижесінде күдіктілердің кінәсін дәлелдеуге және оларды ұстауға көмектесетін дәлелдер жиналды.
Фото: polisia.kz