F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Таза өнім, төмен баға, жоғары сұраныс: Өскемендегі жәрмеңкелердің формуласы

F16 F16
29.11.2025, 18:03
Ауыл шаруашылығы, Жаңалықтар, Өскемен
Фото: F16.kz

Фото: F16.kz

Өскеменде өтетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі бүгінде қала жұртшылығы асыға күтетін шаралардың біріне айналды. Жыл он екі ай ұйымдастырылатын бұл жәрмеңке ауылдан тікелей жеткізілген табиғи, сапалы өнімдерді қала халқына делдалсыз ұсынуымен ерекшеленеді. Сол себепті мұндағы баға нарықтағыдан анағұрлым арзан, ал өнімдердің сапасы жоғары. Кейінгі бірнеше аптадан бері жәрмеңкенің географиясы кеңейіп, қаланың төрт-бес ауданында бір мезетте өткізіле бастады,  деп хабарлайды F16.kz.

Бұл жолы сенбілік жәрмеңке Өскеменнің үш ауданында ұйымдастырылды. Басты алаң әрине – «Алтай» көтерме-тарату орталығы. Мұнда Тарбағатай ауданының шаруалары сауда көрігін қыздырса, Ивушка шағын ауданындағы «ДосНар» және ЖМК шағын ауданындағы «Керуен» сауда үйлерінің аумағында қалаға жағын Глубокое, Ұлан, Алтай сияқты аудандардан әкелінген өнімдері көпшілікке ұсынылды.

Жәрмеңкенің басты артықшылығы – ауылдан келген шаруа қожалықтары өз өнімдерін қалаға тікелей шығарып, тұтынушыға ешбір қосымша үстемесіз сату. Бұл еңбекпен тапқан өнімін лайықты бағаға сататын ауылдағы шаруаға да, оны қолжетімді бағаға алатын тұтынушыға да тиімді. Қала тұрғындары мұны жақсы біледі, сондықтан таң бозынан жәрмеңке алаңына асығады. Жәрмеңкеден ет пен балық алған қала тұрғыны өз әсерімен бөлісіп, өнім сапасына ерекше риза екенін жеткізді

Жерлестерім келгенін естіп таң сәріден осында жүгірдік. Туған жердің дәмін татайық, ет пен балық алайық деп келдік. Тарбағатай өңірінің етіне ешқандай ет жетпейді. Жылқының бір сан етін бірақ алдым. Зайсан көлінен ауланған балықтан он шақты келі алдым. Бағасы базардағыдан төмен, сапасы жақсы. Жаңадан сойылған малды еті мол. Таңдап жүріп аласың. Осындай таза, адал өнімді тікелей өндірушінің өзінен алу қандай жақсы. Осыдан артық не керек?! – деді Тарбағатай ауданының тумасы, қазір Өскеменде тұратын Кәдірбек Ерсайынұлы.

Бүгінгі жәрмеңкеде ауыл дәмін аңсаған жұртшылыққа таза, табиғи ет, сары май, құрт-ірімшік, сондай-ақ Зайсан көлі ауланған балық түрлері молынан ұсынылды. Жәрмеңкенің тұрғындар үшін тағы бір үлкен тиімділігі – сенімді өнім алу мүмкіндігі. Ауылдан тікелей әкелінгендіктен өнімдер ешқандай ұзақ сақтау немесе қайта өңдеу кезеңдерінен өтпейді. Бұл әсіресе ет пен сүт өнімдерінде анық байқалады. Аудан әкімдігінің хабарлауынша, жәрмеңкеде сауда-саттықпен қатар өскемендіктерге арналған концерт пен спорттық ойындар өткізіледі.

Кешелі бері Өскеменде «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында Тарбағатай ауданының мәдени күндері өтіп жатыр. Осының аясында бүгін дәстүрлі ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бұл жерге біздің шаруалар 4 тоннаға жуық сиыр етін, 1,5 тонна жылқы етін, 1 тоннадан астам балық әкелді. Бұдан бөлек сүт өнімдері мен құрт-майымыз бар. Бәрі қолжетімді бағада сатылып жатыр. Жәрмеңкеге келген жұрттың көңілін көтеріп, мерекелік көңіл күй сыйлау үшін сахна құрып, өнерпаздарымыз концерттік бағдарламасын ұсылды. Ұлттық спортты дәріптеу мақсатында дәстүрлі садақ атудан, арқан тартудан және қой көтеруден сайыстар өткізіледі. Жарыс жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар бар. Сондай-ақ бүгін №46 мектепте Тарбағатай тумалары арасында волейболдан жарыс өтіп жатыр. Жаңадан ашылған MAXI MALL сауда үйінде сурет көрмесі болады, қылқалам шеберлері шеберлік сабағын өткізеді. – деді Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары Марат Қызов.

Базаршылап келген тұрғындар спорт сайыстарын тапжылмай тамашалады. Әсіресе, қой көтеру бәсекесі көптің көңілінен шықты. Қатысушылар сахнада салмағы 40 келі тартатын жасанды қойды иығына артып алып, отырып тұру жаттығуын жасады. Бұл сайыста жаңа рекорд орнады деуге әбден болады. Осыған дейін Марқакөл ауданының жәрмеңкесінде қатысушылардың алды тоқтыны 60 рет көтерген еді. Бұл жолы Тарбағатай ауданының Құйған ауылынан келген Әділет Солтанов 420 рет көтеріп, бас бәйгеге тігілген қойды иеленді.

ҚАЛА МАҢЫНДАҒЫ АУДАНДАРДАН КЕЛЕДІ

Өскемендегі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің ауқымы кеңейіп, қаланың бірнеше ауданында өткізіле бастады дедік. Бұрын тек «Алтай» көтерме-тарату орталығында ұйымдастырылып келген шара кейінгі бірнеше апта көлемінде облыс орталығының Жібек маталар комбинаты, Ивушка шағын аудандарында қатар таралып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалды. Қала әкімдігінің бастамасымен әр ықшам ауданда ашылған сауда нүктелеріне сенбі күні таңертеңнен халық жиылады. Себебі мұнда ауылдан тікелей жеткізілген табиғи өнімдер делдалсыз сатылады, бағасы арзан.

Әдеттегідей бүгін де Ивушка ықшам ауданындағы «Дос-Нар» базарында жәрмеңке қызу өтті. Тұрғындар жаңа сойылған малдың еті, сүт өнімдері, құрт-май, бал, көкөніс секілді түрлі өнімдерді базар бағасынан төменге сатып алды. Мұнда өз өнімерін сатуға Ұлан, Глубокое аудандарының шаруалары келіпті.

Ұлан ауданының Сағыр ауылынан сатуға сүт-кілегей әкелдік. Ешқандай қоспасыз, таза өнім. Қолдың кілегейі, қою, құнарлы. Базардың бағасынан арзандау қойып отырмыз. Лезде өтіп кетеді. Міне, екі-үш стақандық кілегей қалды. Тұрғындар үйреніп алады екен. Келесі жолы келгенде күтіп тұрады. Осымен үшінші сенбі келуім. Базардан тегін орын ұсынып, жағдай жасап жатыр. Рахмет бәріне, ауылдағы шаруаларды қолдау деп түсінемін. Екі жаққа да тиімді мұндай шаралар үзілмеуі керек, жалғаса берсін, – деді өзін Төлеубай деп таныстырған ұландық шаруа.

Ивушкадағы жәрмеңкеге келушілердің дені егде жастағы адамдар екені байқалды. Ауылдың табиғи таза өнімдерін тікелей өндірушінің өзінен қолжетімді бағаға сатып алу мүмкіндігі туғанына әсіресе зейнеткерлер риза.

Аса көп азық-түлік алмадық. Бір-екі келі ет, жұмыртқа, тұздалған көкөністер, сүт сатып алдық. Келесі аптада тағы келеміз ғой, оған дейін осы жетеді. Жасыратыны жоқ, қазір бәрі қымбат. Дүкенге 10 мың теңгемен барсаң ештеңе алмайсың. Еттің бағасы удай. Зейнетақыны қысып ұстап, жеткіземіз. Қайтеміз енді. Біз секілді қалтасы жұқа жұртқа жәрмеңке жақсы болды. – деді өскемендік зейнеткер Валентина Захарова.

ЖАҚЫННАН ДОРБАЛАП ЖҮР

Қаланың ЖМК ауданында орналасқан «Керуен» сауда орнында да бұл күні жұрт ығы-жығы болды. Жергілікті шаруалар әкелген ет пен сүт өнімдерінің сапасы көптің көңілінен шықты. Әсіресе соғым уақыты жақындағандықтан, арзан әрі семіз ет іздегендер мұнда көптеп келді. Жергілікті тұрғын айтқандай, базардағы бағамен салыстырғанда жәрмеңкедегі ет әлдеқайда арзан әрі сапасы жоғары.

Бұрын жәрмеңкеге сонау «Алтай» көтерме-тарату орталығына баратын едік. Қазір енді өз ауданымызда да ұйымдастырыла бастады. «Алтайдағы» сияқты таңдау мол болмаса да ет пен сүт, шұжықтың түрлері жеткілікті мөлшерде қойылған. Адамдар алып жатыр. «Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала» деген қазақтың сөзіне сүйеніп, үй іргесіндегі саудаға біз де келіп қалдық, – деді Жібек маталар комбинатының тұрғыны Жұлдыз Мейірханқызы.

Үш ауданда қатар өткізілген жәрмеңкенің басты мақсаты – жергілікті өнімге деген сұранысты арттыру, қала нарығындағы бағаны тұрақтандыру және тұрғындарды табиғи азық-түлікпен қолжетімді бағада қамтамасыз ету. Бұл бастама бір жағынан халықтың тұрмысын жеңілдетсе, екінші жағынан ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өз өнімін тікелей сатуына қолдау.

Өскемендіктердің пікірінше, мұндай жәрмеңкелер тұрақты түрде ұйымдастырылса, қаладағы азық-түлік бағасы да реттеліп, сапалы өнімге қол жеткізу оңай болмақ. Тұрғындар ауыл мен қаланы жақындастыратын осы игі дәстүрдің үзілмей жалғасарына сенімді.

Тегтер: F16Азық-түлік қауіпсіздігіБаға саясатыжәрмеңкеӨскемен
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Шекара түбіндегі Сарыөлең ауылында жаңа мектеп ашылды — ШҚО

Шекара түбіндегі Сарыөлең ауылында жаңа мектеп ашылды — ШҚО

15.12.2025, 18:45
Самар жағалауында демалатын туристер саны 75 пайызға артты

Самар жағалауында демалатын туристер саны 75 пайызға артты

15.12.2025, 18:15
Самардағы 18 мектеп жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілді

Самардағы 18 мектеп жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілді

15.12.2025, 18:02
Өскемендік студенттерді түзеу мекемесіне апарды

Өскемендік студенттерді түзеу мекемесіне апарды

15.12.2025, 17:27

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Шекара түбіндегі Сарыөлең ауылында жаңа мектеп ашылды — ШҚО

15.12.2025, 18:45

Самар жағалауында демалатын туристер саны 75 пайызға артты

15.12.2025, 18:15

Самардағы 18 мектеп жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілді

15.12.2025, 18:02

Өскемендік студенттерді түзеу мекемесіне апарды

15.12.2025, 17:27

Биыл Самар ауданында негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер жоғары

15.12.2025, 17:13

Ахмердегі амбулаториялық орталық қолданысқа қашан беріледі?

15.12.2025, 17:03

Риддерде денешынықтыру-сауықтыру кешені салынады

15.12.2025, 16:30

ШҚО-да полиция қатысқан бизнес-форум өтті

15.12.2025, 16:00

Бір бағыттағы жол әлі де жабық, қалғандары ашылды — ШҚО

15.12.2025, 15:45

Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды?

15.12.2025, 15:08

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған