Ресей Федерациясы Башқұртстан Республикасының Уфа қаласында өрт сөндіру-құтқару спортынан халықаралық жарыс басталды, деп хабарлайды F16.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Жарыс 17 мамырға дейін жалғасады және түрлі елдерден өрт сөндіру-құтқару спортының негізгі түрлерінен өтеді.
Дүбірлі бәсекеutресейлік құтқарушылардан бөлек Беларусь, Қазақстан, Өзбекстанның командалары қатысып жатыр. Сонымен қатар Сауд Арабиясы, Чехия, Вьетнам, Аустрия және Латвия елдерінен ресми өкілдер және байқаушылар келді.
Өрт сөндіру-құтқару спортынан халықаралық жарыстар – бұл кәсіби шеберлік пен физикалық дайындықты көрсету ғана емес, сондай-ақ өртке қарсы және құтқару саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтатын маңызды алаң.
Алғашқы жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының командасы (ерлер мен әйелдер) шабуыл сатысымен көтерілуден үшінші орынға ие болды, ал жартылай финалға біздің елден ерлер командасының өкілі Николай Буторин шықты.
Фото: ҚР ТЖМ