Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Aitu ұлттық мессенджерін дамытуға, оның функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтуге және платформаны мемлекеттік органдардың күнделікті жұмысына енгізуге ерекше назар аударды тапсырды.
Бұл жұмысты жандандыру және толыққанды цифрлық модельге көшуді қамтамасыз ету қажет.
«Aitu – жай мессенджер емес. Біз ұлттық экожүйе құруымыз керек, белсендірек жұмыс жасаңыздар. Әсіресе мемлекеттік қызметшілер күн сайын Aitu мессенджерін пайдалануы тиіс, қызметтік ақпарат тек осы ұлттық мессенджер арқылы өтуі тиіс», — деп атап өтті Үкімет жетекшісі.
Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев қазір Aitu -ға 7 миллионға жуық адам тіркелгенін, күніне сервисті 350 мыңға дейін адам пайдаланатынын, Aitu-ды қолданғанда мобильді интернет үшін ақы алынбайтынын баяндады.
Сонымен қатар қазір Aitu платформасында eGov ChatGPT қызметі қолжетімді. Сол арқылы 55 мемлекетік қызметті тікелей Aitu-дан алуға болады. Осы жылдың соңына дейін eGov-тағы сұраныстың 75-80%-ын Aitu-ға қосу жоспарланып отыр.
Жаслан Мәжиевтің айтуынша, мемлекеттік органдар мен «Самұрық-Қазына» компаниялары қазір де өз қызметінде Aitu-Workspeas қызметін пайдаланады.




