F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ulttyq ónim: Астанада қазақстандық өндірушілердің көрмесі өтеді

admin_f16 admin_f16
15.05.2025, 11:00
Жаңалықтар

Ертең, 16 мамырда Астананың EXPO халықаралық көрме орталығында отандық өндірушілердің жыл сайынғы VIII Ulttyq ónim көрмесінің шымылдығы түріледі, деп хабарлайды F16.kz.

ОТАНДЫҚ БРЕНДТЕР ҚАНДАЙ?

Екі күнге созылатын көрмеге Қазақстанның барлық өңірінен 350 өндіруші қатысып, өз өнімдерін ұсынады. Елорда тұрғындары мен қонақтары Қазақстанда Үкіметтің қолдауымен «Даму» қорының бағдарламалары арқылы өндірілген тауарлардың алуан түрімен танысып, сатып ала алады.

Көрмеде тамақ, жеңіл, химия өнеркәсібінен бастап, машина жасау, жабдық, зергерлік бұйымға дейінгі түрлі өнім ұсынылады. Олардың ішінде «Гормолзавод» танымал бренді, Аq Dam ұлттық тәттісі, Galamilk, Altay Outwear белсенді демалыс пен туризмге арналған киім мен жабдық, Balausa Jewelry зергерлік бұйымы, «Қайнар АКБ» ЖШС аккумуляторлық батарея өндіруші, толықтай қазақстандық брендпен әзірленіп, жиналған алғашқы ирригациялық машина өндіруші Su bereke, «Аврора» дезинфекциялық, косметикалық және жуғыш заттарды әзірлеу мен өндіру көшбасшысы, Almaty Turmystyq Tehnika zavody ЖШС тұрмыстық техника өндіру зауыты және тағы басқалар бар.

ХАЛЫҚ ТАҢДАУЫ

Сонымен қатар Ulttyq ónim шеңберінде отандық кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне арналған панельдік сессиялар өтеді. Оларға жетекші қазақстандық және халықаралық спикерлер қатысады. Қатысушылар еліміздегі бизнес үшін өзекті трендтерді, сын-қатерлер мен мүмкіндіктерді талқылайды.

Көрме барысында «Халық таңдауы» атты тәуелсіз, дәм тату байқауы, қазақстандық жетекші өндірушілердің әйелдер мен ерлер киімдерінің топтамасын көрсету, кәсіпкерлердің шеберлік сабағы, көрмеге қатысушылар ұсынатын ұтыс ойыны мен концерт болады.

ТАБЫС, САЛЫҚ, ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ

Айта кетсек, көрмеде кәсіпкерлерді қолдаудағы мемлекеттік саясатты табысты іске асырудың аз ғана бөлігі көрсетіледі. Былтыр «Даму» қоры арқылы мемлекеттің қолдауымен 29,5 мың жобаға 1,7 трлн теңге несие берілген. Ол үшін 590 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде 25,4 трлн теңгеге өнім шығарылып, 1,7 трлн теңге салық түсті, 9,7 мың жұмыс орны құрылды. «Даму» қорының құралдары арқылы мемлекет қолдауына барлығы 225,3 мың адам ие болды. Жобаларға берілген несиенің жалпы сомасы – 14,1 трлн теңге. Cоның арқасында 220 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылып, 1,2 млн-нан астам жұмыс орны сақталды. Шамамен 130 трлн теңгеге өнім шығарылып, 9,0 трлн теңге салық түсті.

ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ АРТЫП КЕЛЕДІ

Ulttyq ónim өткізу отандық тауарлар мен қызметтерді танымал етуге және ілгерілетуге ықпал ететін жақсы дәстүрге айналды. Жыл сайын көрмеге қызығушылық артып келеді. 2022 жылы келушілер саны 20 мыңнан асса, 2023 жылы 22 мың болды. Сату көлемі де артып, 2022 жылы 70 млн теңге көлемінде болса, 2023 жылы 74,1 млн теңгеге жетті.

Көрмеге кіру тегін. Тек көрмеге барғанда немесе Ulttyq ónim сайтында алдын ала онлайн тіркелу қажет. Іс-шара Мәңгілік ел даңғылы 53/1 мекен жайында орналасқан EXPO халықаралық көрме орталығында 16 мамыр күні басталады.

Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өнер мен сезім тоғысқан: Өскеменде Ольга Плотникованың жеке көрмесі ашылды

Өнер мен сезім тоғысқан: Өскеменде Ольга Плотникованың жеке көрмесі ашылды

20.06.2025, 18:05
Жазғы туризм мен қауіпсіздік: ШҚО-да вице-премьер кеңейтілген кеңес өткізді

Жазғы туризм мен қауіпсіздік: ШҚО-да вице-премьер кеңейтілген кеңес өткізді

20.06.2025, 17:32
Жол бойында интернет тарататын құрылғылар орнатылады – Зайсан

Жол бойында интернет тарататын құрылғылар орнатылады – Зайсан

20.06.2025, 17:18
Үлкен Нарыннан бір жылда 56 адам көшіп кетті – аудан әкімі

Үлкен Нарыннан бір жылда 56 адам көшіп кетті – аудан әкімі

20.06.2025, 16:44

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өнер мен сезім тоғысқан: Өскеменде Ольга Плотникованың жеке көрмесі ашылды

20.06.2025, 18:05

Жазғы туризм мен қауіпсіздік: ШҚО-да вице-премьер кеңейтілген кеңес өткізді

20.06.2025, 17:32

Жол бойында интернет тарататын құрылғылар орнатылады – Зайсан

20.06.2025, 17:18

Үлкен Нарыннан бір жылда 56 адам көшіп кетті – аудан әкімі

20.06.2025, 16:44

Қазақстанда тағы бір демалыс күні пайда болуы мүмкін

20.06.2025, 16:18

ШҚО-да 380 мың тонна прекурсор тәркіленді

20.06.2025, 15:43

Қазақстана жүкті әйелдерге арналған көмек жетілдіріледі

20.06.2025, 15:00

Нұрымбет Сақтағанов: инвестиция – әкімдер жұмысының негізгі өлшемі

20.06.2025, 14:34

Ертіске сібір бекіресінің шабақтары жіберілді

20.06.2025, 14:07

ШҚО қорғанысы жаңаша бағыт алады

20.06.2025, 12:01

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған