Өскеменнің іргелі кәсіпорындарының бірі – «Казцинк» ЖШС аумағынан шыққан алапат өрт төтенше жағдайлар қызметінің күшімен оқшауланды, деп хабарлайды F16.kz.
Қазір өрт сөндірушілер отқа оранған аумақты толық сөндіру үшін нысан құрылысын бөлшектеп, өрт ошағына су бүркіп жатыр. Сондай-ақ құтқарушылар зардап шеккендерді іздеуді жалғастырады. Алдын ала мәлімет бойынша, төрт адам медицина мекемесіне жеткізілген.
Оқиға орнында 40 адам жеке құрам мен 10 техника жұмыс істеп жатыр. Өрттің жалпы ауданы анықталуда. ТЖМ жанында жедел штаб құрылып, оның құрамына мемлекеттік органдар мен өзара әрекет ететін қызметтердің өкілдері кірді, — деп жазды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.




