Еліміздеқызалыпқашатындарғажазакүшейтіледі. Ендігі жерде қызды еркінен тыс алып кеткен адамдар 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды F16.kz.
Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов мәлім етті. Оның айтуынша, бұл бастама келесі аптада екінші оқылымда қаралмақ.
Әбеновтің айтуынша, Қазақстанда қыз алып қашқандардың дені жазаға тартылмай, ары кетсе айыппұл төлеп құтылады.
Кейінгі үш жылда полицияға қызды алып қашу жөнінде 214 арыз түскен. Бірақ олардың 10-ы ғана сотқа жеткен. Қалған істер қылмыс құрамының болмауына байланысты жабылған.
Фото: F16.kz/жасанды интеллект