Ертең күндіз облыстың батысында жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай болуы мүмкін. Сондай-ақ облыс бойынша ауа температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды F16.kz.
Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
ШҚО ТЖД мамандары тұрғындарға сақтық шараларын қатаң сақтау керектігін еске салады.
Аптап ыстық кезінде мүмкіндігінше 11:00-ден 17:00-ге дейін көшеге шықпаған абзал. Ашық ауада физикалық белсенділікті шектеңіз. Көлеңкеде немесе салқын бөлмелерде болуға тырысыңыз. Көшеде бас киім киюді ұмытпаңыз, — дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ демалуға барғанда тек рұқсат етілген жерлерде, абаттандырылған жағажайларда шомылып, балаларды қараусыз қалдырмаған жөн.




