Шығысқазақстандық тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «ҚазАвтожол» ҰК» АҚ және «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК өкілдерімен бірлесіп, автомобиль жолдарына кеншенді тексеру жүргізді, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Тексеріс барысында жол белгілерінің, таңбаларының және қоршаудағы катафоттардың күйіне ерекше назар аударылып, жолдардың көріну мүмкіндігі мен қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігі бағаланды.
Сонымен қатар ШҚО Полиция департаменті жол ұйымдарымен бірлесіп, 60-тан астам апатты-қауіпті учаскелерді жою бойынша ұсыныстар дайындады. Патрульдік полиция мен жол ұйымдарының техникалық қызметтері арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері де белсенді түрде пысықталып жатыр.
Аталған шаралар жол-көлік оқиғаларын азайтуға және жол қозғалысына қатысушылар үшін қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған.
Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі