Елімізде жыл басынан бері 157,8 мың адамға жұмысқа орналасуға көмек көрсетілген, соның ішінде 143,2 мың адам жұмыспен қамтылған. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды F16.kz.
СҰРАНЫСҚА ИЕ МАМАНДЫҚТАРДЫ МЕҢГЕРДІ
Субсидияланатын жұмыс орындарына Мансап орталықтары арқылы 106,3 мың адам жіберілді, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарында 9,6 мың, жастар практикасында 6,6 мың, қоғамдық жұмыстарға 78,3 мың, «Күміс жас» жобасымен 11,1 мың, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 680, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы шеңберінде 33 адам жұмыспен қамтылды.
Еңбек нарығындағы сұранысқа ие дағдылар бойынша 36,6 мың жұмыссыз онлайн оқытылды, оның 34,5 мыңы оқуды аяқтады. «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін 14,1 мың адам оқыды, оның ішінде 7,3 мыңы оқуын аяқтап, сертификат алды. Жұмыс берушілердің өтініші бойынша кәсіптік оқытуға 802 адам жіберілді, оның ішінде 51 адам оқуды аяқтады.
КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУДАН ӨТТІ
Бұдан басқа қызмет саласын таңдау мақсатында кәсіптік орталықтарда 140,7 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтіп, кеңес беру қызметтерін алды. Азаматтарды жұмысқа орналастыру бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылатынын және олардың шын мәнінде жұмысқа орналасқандығы міндетті зейнетақы жарнасының аударылуымен расталатынын атап өткен жөн. Мәселен, биылғы 1 мамырда 143,2 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде – 87,8 мың, электронды еңбек биржасындағы бос бос орындарға – 31,7 мың, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» бастамасы шеңберінде – 23,6 мың, орталық мемлекеттік органдар іске асыратын жобалар шеңберінде 42 адам қамтылды.
ҚАЙТАРЫМСЫЗ ҚАРАЖАТ БЕРІЛЕДІ
Сонымен қатар жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 2025 жылы халықтың әлеуметтік осал санаттарына жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 400 АЕК-ке (1 572 800 теңге) дейінгі мөлшерде 9 мың грант беру көзделген. Грант алуға үміткерлерден өтінімдерді қабылдаудың бірінші легі 2025 жылғы 21 мамыр мен 3 маусым аралығында өтеді.
Фото: F16.kz/жасанды интеллект