Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Абай мұрасы – ұрпаққа аманат» атты облыстық әдеби байқау өтті, деп хабарлайды F16.kz.
Жас буынның рухани танымын тереңдетуді мақсат еткен байқауға қала мектептерінен жүз оқушы қатысып, үш бағыт бойынша өнерлерін ортаға салды. Олар эссе жазу, Абайдың өлеңдерін және қара сөздерін жатқа оқудан сынға түсті. Байқауға қатысушылардың өнеріне ҚР ағарту ісінің үздігі, ардагер-ұстаз, Күршім ауданының құрметті азаматы Қатиза Сарипова, айтыскер ақын, «Ақтан Нұрбаев атындағы ақындар мектебінің» ұстазы Қуаныш Еркін, ақын, ұстаз Естай Жаңабай қатарлы қазылар алқасы баға берді.
Эссе жазу
Бас жүлде – Айша Қабдылқызы, Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты;
І орын – Арна Арданбекқызы, Абай атындағы ШҚ гуманитарлық колледжі, 3 курс;
ІІ орын – Назерке Мырзабекова, Абай атындағы ШҚ гуманитарлық колледжі, 3 курс;
ІІІ орын – Алтынай Бекжан, №50 мектеп.
Арнайы номинация
«Көркем ой иесі» – Әмина Алмасқызы (№47 мектеп, 10-сынып), Қымбат Оразғалиева (Назарбаев зияткерлік мектебі, 8-сынып).
Абай өлеңдерін жатқа оқу
Бас жүлде – Нұрболат Тұрарұлы, Жамбыл атындағы мектеп-гимназия-интернаты;
І орын – Ділдә Жанарбекқызы, облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты;
ІІ орын – Балжан Қайнархан, Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей;
ІІІ орын – Даяна Бидахметова, №27 орта мектеп.
Арнайы номинация
«Көркемсөз оқу шебері» – Дінмұхамед Абылғазы (мектеп-лицей-интернаты) және Самғар Айдархан (№35 орта мектеп).
Абайдың қара сөздерін жатқа оқу
Бас жүлде – Инабат Қайсар, М.Шаяхметов атындағы №23 мектеп;
І орын – Адина Берікболова, Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицей;
ІІ орын – Назерке Маратова, №27 орта мектеп;
ІІІ орын – Инават Хабиева, №42 орта мектеп.
Арнайы номинация
«Қара сөз оқу шебері» – Мұхаметбекова Лаура (№46 мектеп) және Нұрсұлтан Фархатұлы (№14 мектеп).
Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
«Абай мұрасы – ұрпаққа аманат» атты бұл байқау жас буынның ұлы ақын шығармашылығына терең бойлауына, сөз өнерін бағалап, ұлттық рухты бойына сіңіруіне үлкен сеп болды. Сонымен қатар, Абай әлеміне жақындауға және оның рухани мұрасынан нәр алуға жол ашқан тағылымы мол шара ретінде есте қалды.




