Орталық сайлау комиссиясы астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған ақпараттарға сәйкес сағат сайлаушылардың дауыс беруі туралы 20:00-дегі деректерді жариялады, деп хабарлайды F16.kz.
Шығыс Қазақстан облысында сайлаушылардың 65,48 пайызы дауыс берген. Ал республика бойынша сағат 20:00-де тізімге енгізілген сайлаушылардың 58,55 пайызы дауыс берді.
Астана қаласы – 42,92%
Абай облысы – 68,22%
Ақмола облысы – 56,08%
Ақтөбе облысы – 75,69%
Алматы облысы – 60,41%
Атырау облысы – 54,16%
Батыс Қазақстан облысы – 55,27%
Жамбыл облысы – 61,92%
Жетісу облысы – 74,09%
Қарағанды облысы – 56,42%
Қостанай облысы – 57,14%
Қызылорда облысы – 71,58%
Маңғыстау облысы – 61,86%
Павлодар облысы – 60,23%
Солтүстік Қазақстан облысы – 62,75%
Түркістан облысы – 77,58%
Ұлытау облысы – 54,61%
Шығыс Қазақстан облысы – 65,48%
Алматы қаласы – 37,70%
Шымкент қаласы – 44,72%




