Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді.
Айта кетейік, бүгін Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр.




