F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Шемонаиха ауданы – тұрақты даму мен жаңғырудың айқын үлгісі

Nurjan Kenjeuly Nurjan Kenjeuly
21.10.2025, 16:27
Аудан айнасы
Шемонаиха ауданы – тұрақты даму мен жаңғырудың айқын үлгісі

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Шемонаиха ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары өңірдің қарқынды өсімін айқындап отыр. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, инвестиция және халықты жұмыспен қамту сынды негізгі бағыттарда тұрақты өсім байқалады. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Шемонаиха ауданының әкімі Дидар Кеңесбаев мәлім етті, деп хабарлайды F16.kz.

ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ДЕНІ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНА БАҒЫТТАЛДЫ

Өткен жылы аудан кәсіпорындары 133,1 миллиард теңгенің өнімін өндіріп, өсім 114 пайызды құрады. Өндіріс көшін «Востокцветмет» ЖШС құрамындағы Артемьев өндірістік кешені бастап тұр. Кешеннің өнім көлемі 98,3 миллиард теңгеге жетіп, өсім қарқыны 117% болды.

Өңдеу өнеркәсібінің үлесі 24% дейін артып, жалпы өнім көлемі 31,2 миллиард теңгеге жетті (өсім – 105,2%).

Аудан экономикасына тартылған инвестиция көлемі 29,4 миллиард теңгеге жетіп, өсім 124% көрсетті. Инвестициялардың негізгі бөлігі – 70% астамы – өнеркәсіп саласына бағытталған.

ҚЫС МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ОЙДАҒЫДАЙ

Ауыл еңбеккерлері де жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Жыл қорытындысымен ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 41 миллиард теңгеге жетті. 60,8 мың гектар жерден жиналған астықтың орташа өнімділігі гектарына 24,1 центнерді құрады. Күнбағыс 59,4 мың гектар алқаптан (94%) жиналып, гектар берекелігі 22,7 центнер болды.

Қыс маусымына дайындық та тыңғылықты атқарылған. Барлығы 43,6 мың тонна шөп (120%), 41,4 мың тонна сүрлем-шөп (100%), 12,3 мың тонна сабан (100%) және 98,8 мың тонна силос (150%) дайындалды.

«ШемАгроКредит» несиелік серіктестігі арқылы «Кең дала», «Кең дала-2», «Агробизнес» және «Іскер» бағдарламалар шеңберінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 12 жоба бойынша 888 миллион теңге несие берілді.

Ауданда 2 200-ден астам шағын және орта бизнес нысаны жұмыс істеп, 6 700-ге жуық тұрғынды жұмыспен қамтып отыр. Жыл басынан бері кәсіпкерлер 45 миллиард теңгенің өнімдері мен қызметтерін өндіріп, бюджетке 3,4 миллиард теңге салық төледі.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша 16 азамат кәсіпкерлік негіздерін меңгеріп, оның 9-ы 1,5 миллион теңгеден грант иегері атанды. Жалпы грант көлемі – 13,5 миллион теңге.

БИЫЛ САПАЛЫ АУЫЗСУМЕН 100 ПАЙЫЗ ҚАМТЫЛАДЫ

2025 жылы аудан тұрғындары толықтай сапалы ауызсумен қамтамасыз етіледі. Қазіргі уақытта Березовка және Үлкен өзен ауылдарындағы жобалар аяқталуға жақын.

Жол инфрақұрылымын жақсарту бағытында да айтарлықтай ілгерілеу бар. Ұзындығы 10,8 шақырымды құрайтын Шемонаиха – Сугатовка автожолы жаңартылып, бес елді мекенде 5,6 шақырым ішкі көшелер жөнделді.

Шемонаиха қаласында, Усть-Таловка кентінде және Ново-Ильинка ауылында жаңа балалар ойын алаңдары ашылды. Межовка ауылында спорттық жаттығу құралдары орнатылып, Қызыл Шемонаиха, Рассыпное, Коневка және Первомайское ауылдарында көше жарықтары жаңартылды.

12 БІЛІМ БЕРУ НЫСАНЫ ЖӨНДЕЛДІ

Білім беру саласы да басты назарда. Аудандағы мектептерде 4 939 оқушы білім алып жатыр, биыл 402 бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Салаға 8,6 миллиард теңге бөлініп, 12 нысанға жөндеу жүргізілді.

Шемонаиха ауданының шығармашылық ұжымдары халықаралық және республикалық деңгейде 8 бірінші орын мен 3 Гран-при жеңіп алып, өңір мерейін үстем етті.

Спортшылар да биік жетістіктерге жетуде. Аудан құрамасы XXIII облыстық халық спорт ойындарында 9-орынды иеленсе, шахмат шебері Артур Симонов облыстық турнирде жеңіске жетіп, республикалық сынға жолдама алды.

«Жасыл Ел» жобасы аясында 98 жас маусымдық жұмысқа тартылып, түрлі бағыттар бойынша 861 іс-шара өткізілді.

Ал «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 11 200 түп ағаш көшеті отырғызылып, елді мекендерді абаттандыру және тазарту жұмыстары белсенді жүріп жатыр.

Тегтер: F16әлеуметтік-экономикалық дамуБрифингШемонаиха
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Облыс орталығында 260 балаға арналған жаңа балабақша ашылды

Облыс орталығында 260 балаға арналған жаңа балабақша ашылды

31.08.2026, 12:11
Өскеменде «Ретро-музей» ашылды

Өскеменде «Ретро-музей» ашылды

31.08.2026, 11:06
Өскемендегі Согра ЖЭО-ның жылыту маусымына дайындығы 81,3 пайызға жетті

Өскемендегі Согра ЖЭО-ның жылыту маусымына дайындығы 81,3 пайызға жетті

31.08.2026, 10:22
«Самал» саябағында заманауи құтқару станциясы ашылды

«Самал» саябағында заманауи құтқару станциясы ашылды

27.08.2026, 10:17

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменде жаңартылған теміржол вокзалы ашылды

31.08.2026, 15:05

Облыс орталығында 260 балаға арналған жаңа балабақша ашылды

31.08.2026, 12:11

Құрылтай Вице-президент лауазымына Қариннің кандидатурасын қолдады

31.08.2026, 12:05

Өскеменде «Ретро-музей» ашылды

31.08.2026, 11:06

Өскемендегі Согра ЖЭО-ның жылыту маусымына дайындығы 81,3 пайызға жетті

31.08.2026, 10:22

Құрылтай төрағасының орынбасарлары сайланды

28.08.2026, 16:00

Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болды

28.08.2026, 15:33

ШҚО-да жоғары оқу орындарына түскен түлектер саны артты

28.08.2026, 14:28

Президент жаңа Құрылтай төрағасын ұсынды

28.08.2026, 12:20

Ербол Нұрғалиев ШҚО әкімінің орынбасары қызметінен кетті

28.08.2026, 11:00

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған