F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Өскеменде жаңартылған теміржол вокзалы ашылды

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
31.08.2026, 15:05
Жаңалықтар
Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Облыс орталығында Өскемен-1 станциясының теміржол вокзалын реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Жаңартылған вокзалдың ашылу салтанатына «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығы қатысты.

Өскемен-1 станциясының вокзалы 1938 жылы салынған. Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша ескі ғимарат толықтай бұзылып, оның орнына заманауи жаңа нысан бой көтерді. Вокзалдың жалпы аумағы екі еседен астам ұлғайып, 858 шаршы метрден 1,8 мың шаршы метрге жетті.

Жаңа вокзал қауіпсіздікке, жолаушылар ағынын ұйымдастыруға және жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға қойылатын заманауи талаптар ескеріле отырып жобаланған. Инженерлік коммуникациялар жаңартылып, перрон реконструкцияланды, вокзал аумағы абаттандырылды.

Вокзалдың қауіпсіздігі мен қолжетімділігіне ерекше көңіл бөлінді. Қозғалысы шектеулі жолаушылар үшін лифтілер, эскалатор, көтергіш платформалар және тактильді навигация қарастырылған. Вокзал заманауи бейнебақылау және өрт қауіпсіздігі жүйелерімен жабдықталған, – деді «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

Вокзал күн сайын 2 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсетеді. Станция арқылы Өскеменді Астана, Алматы, Аягөз, Жезқазған, Қарағанды және Достықпен байланыстыратын 12 жолаушылар пойызы қатынайды.

Өскемен-1 вокзалын реконструкциялау Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде жүзеге асырылып жатқан теміржол вокзалдары мен олардың инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі ауқымды бағдарлама аясында жүргізілді. Биыл ел бойынша 124 вокзалдың 121-ін жаңғырту жоспарланған.

Шығыс Қазақстан облысында аталған бағдарлама аясында бес теміржол вокзалын реконструкциялау көзделген. Оның төртеуі — Шемонаиха, Риддер, Алтай қалаларындағы және Күмістау станциясындағы нысандар пайдалануға берілді. Жаңартылған Өскемен-1 вокзалының іске қосылуы өңірдегі осы жұмыс кезеңін толық аяқтайды.

Жаңа теміржол вокзалы Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды рөл атқарады. Ол көлік қолжетімділігін қамтамасыз етіп, облысты еліміздің басқа өңірлерімен байланыстырады. Вокзалды жаңғырту жолаушыларға неғұрлым қолайлы жағдай жасауға, қызмет көрсету сапасын арттыруға және инфрақұрылымды өсіп келе жатқан жолаушылар ағынына бейімдеуге мүмкіндік береді. Бір бағдарлама аясында бес вокзалды жаңғырттық. Бүгін жаңартылған Өскемен-1 вокзалының ашылуымен осы жұмыс кезеңін аяқтап отырмыз. Бұл – облыс орталығындағы негізгі теміржол вокзалы. Мұнда күн сайын мыңдаған жолаушы қатынайды. Сондықтан олардың заманауи әрі жайлы қызмет түрлерін пайдалануы маңызды, – деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Айта кетейік, жоба «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ тарапынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның, Көлік министрлігінің және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды.

Тегтер: Topтеміржол вокзалдарыШҚО әкімі
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі артып келеді

ШҚО-да 95 мемлекеттік қызметшінің еңбек құқығы қорғалды

15.09.2026, 12:55
Полиция қызметкері отқа оранған үйден баланы аман алып шықты — ШҚО

Полиция қызметкері отқа оранған үйден баланы аман алып шықты — ШҚО

15.09.2026, 10:11
Президент Hanwha Group компаниясына Қазақстанда бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды

Президент Hanwha Group компаниясына Қазақстанда бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды

15.09.2026, 09:17
Туризм күні: ШҚО-да туристік саланың үздіктері анықталады

Туризм күні: ШҚО-да туристік саланың үздіктері анықталады

14.09.2026, 15:44

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО-да 95 мемлекеттік қызметшінің еңбек құқығы қорғалды

15.09.2026, 12:55

Полиция қызметкері отқа оранған үйден баланы аман алып шықты — ШҚО

15.09.2026, 10:11

Президент Hanwha Group компаниясына Қазақстанда бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды

15.09.2026, 09:17

ЖОО-ға түсіруге уәде берген: Өскемен тұрғыны 3 миллион теңгесінен қағылды

14.09.2026, 17:18

Туризм күні: ШҚО-да туристік саланың үздіктері анықталады

14.09.2026, 15:44

Ауыл балаларының сапалы білім алуына жағдай жасалып жатыр — Күршім

14.09.2026, 14:44

ШҚО-да 5 лауазымды тұлға мен 2 басшы жауапқа тартылды

14.09.2026, 11:00

Ұлан ауданында жаңа сквер ашылды

14.09.2026, 10:05

Өскемендік «Алтай» сырт алаңда «Ұлытаудан» басым түсті

14.09.2026, 09:19

ШҚО әкімі Күршім ауданындағы спорт нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026, 16:52

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған