F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Елордада Astana Media Week 2025 форумы өтіп жатыр

Nurjan Kenjeuly Nurjan Kenjeuly
05.11.2025, 17:00
Қоғам
Елордада Astana Media Week 2025 форумы өтіп жатыр

Фото: gov.kz

Бүгін, 2025 жылғы 5 қарашада, Астанадағы «Қазмедиа» орталығында Astana Media Week 2025 форумы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды F16.kz порталы Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Тоғыз жыл ішінде форум Қазақстанның медиа саласын дамытуға арналған басты алаңға айналып, халықаралық және отандық медиа кәсіби мамандарын, медиабизнес өкілдері мен мемлекеттік органдарды біріктіретін маңызды платформа болып қалыптасты.

Медиааптаның алғашқы күні «Жасанды интеллект пен цифрландыру кезеңіндегі журналистиканың жаңа бағыттары: қоғам сенімі және өркендеу» атты пленарлық сессиямен ашылды. Форум қатысушыларына Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаты оқылды.

«Ақпарат басты ресурсқа айналған заманда біздің осындай басқосуларымыздың маңызы ерекше. Себебі дәл осындай алаңда ғана біз өзекті мәселелерді ашық талқылап, қорытынды жасап, соның негізінде бизнес пен мемлекеттік басқару жүйесіне қатысты маңызды шешімдер қабылдай аламыз. Бүгінде Қазақстан кеңістік пен уақыт тоғысындағы ерекше кезеңді бастан өткеруде. Мемлекет, қоғам және медиа азаматтардың сұранысына сай, елдің алдағы дамуының заманауи бағыт-бағдарын айқындап келеді. Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанды» құру ісінде осындай өзара бекем байланыс берік іргетасқа айналуға тиіс дегені де бекер емес», – делінген министрдің құттықтау хатында.

Министр Digital News Report зерттеуіне сәйкес, Қазақстан азаматтарының бұқаралық ақпарат құралдарына деген сенім деңгейі Орталық Азиядағы басқа елдермен салыстырғанда айтарлықтай жоғары екенін айтты. Аида Балаеваның сөзінше, бұл – медиасаланы реформалау бойынша мемлекет жүргізіп келе жатқан жүйелі саясаттың нәтижесі.

Министр құттықтауында атап өткендей, Қазақстан өңірде алғашқылардың бірі болып халықаралық стандарттарға, соның ішінде Digital Services Act қағидаттарына негізделген «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заң қабылдады. Сонымен қатар жаңа «Масс-медиа туралы» заң редакциялардың құқықтық мәртебесін күшейтіп, журналистерді қорғау тетіктерін кеңейтті және ақпаратқа қол жеткізу тәртібін нақты айқындады. Аида Балаева осы бағыттағы жұмыс жалғасын табатынын айта келе, министрлік бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер енгізуді көздейтін түзетулер әзірлеп жатқанын атап өтті. Бұл түзетулер ақпараттық кеңістіктегі жылдам өзгерістерге лайықты жауап болмақ.

Пленарлық сессияда сондай-ақ ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов, Euronews-тің Қазақстандағы бюро жетекшісі Боян Бркич, Euronews халықаралық тілшісі (Франция) Денис Локтье, Өзбекстан Ұлттық медиа қауымдастығы бас директорының орынбасары Санжар Устабобоев, Түркия радиотелевизиялық корпорациясының Қазақстандағы өкілдігінің директоры Мехмед Захид Чалышкан және «Жетінші арна» телеарнасының бас директоры Илхам Ибрагимов сөз сөйледі.

Іс-шара «Журналистика тоғысында: жасанды интеллекті бар цифрлық медианың пайда болуы» атты панельдік сессиямен жалғасты. Бұл алаңда қазіргі ақпараттық кеңістіктің трансформациясындағы негізгі үрдістер талқыланды. Айта кетерлігі, бағдарламаның бір бөлігі стримингтік платформалар нарығына арналды.

Алдағы екі күн ішінде медиаорталық холлында Astana Media Week 2025 контент-маркеті өтеді. Бұл – жаңа форматтар, копродукциялар және халықаралық кооперациялар таныстырылатын алаң. Контент-маркет продакшн-компаниялар, дистрибьюторлар және платформалар арасындағы іскерлік кездесулер өткізуге мүмкіндік береді. Мұнда Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай мен Қазақстанның ішкі және сыртқы нарықтарына арналған жаңа идеялар, пилоттық жобалар мен бірлескен өндіріс мүмкіндіктері ұсынылады.

Astana Media Week 2025 7 қарашаға дейін жалғасып, еліміздің барлық өңірлерінен мемлекеттік, тәуелсіз және жаңа медиа өкілдері бас қосады. Қатысушылар үшін пленарлық және панельдік талқылаулар, жабық питчинг-сессиялар, сондай-ақ саладағы жетекші сарапшылар өткізетін практикалық мастер-класстар ұйымдастырылады.

– Медиаапта аясында ең белсенді қатысушыларға арнайы сыйлықтар қарастырылған. Үздік сұрақ қойған авторлар жетекші стримингтік сервис, медиамониторингтік компаниялардың жылдық жазылымына арналған сертификаттар және бас жүлде – Самарқандқа саяхат ұтып алу мүмкіндігіне ие болады, – деп жазады Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Тегтер: F16журналистикаҚазақстанМәдениет және ақпарат министрлігіфорум
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қалам қуаты мен өмір өнегесі: Шығыстың ардагер журналисіне құрмет көрсетілді

Қалам қуаты мен өмір өнегесі: Шығыстың ардагер журналисіне құрмет көрсетілді

01.07.2026, 15:06
Кворумсыз және тыңдаусыз: жер бөлу кезінде заң талаптары бұзылған

Кворумсыз және тыңдаусыз: жер бөлу кезінде заң талаптары бұзылған

16.06.2026, 09:01
Шығыс Қазақстанда қауіпті пәтерлерге қатысты ведомствоаралық топ жұмыс істеп жатыр

Шығыс Қазақстанда қауіпті пәтерлерге қатысты ведомствоаралық топ жұмыс істеп жатыр

20.05.2026, 12:27
Тоқаев Алатау қаласына қатысты конституциялық заңды бекітті

Тоқаев Алатау қаласына қатысты конституциялық заңды бекітті

08.05.2026, 17:12

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған