F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қалам қуаты мен өмір өнегесі: Шығыстың ардагер журналисіне құрмет көрсетілді

Madina Kainarova Madina Kainarova
01.07.2026, 15:06
Жаңалықтар, Қоғам

Өскемендегі А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана қабырғасы бұл жолы жай ғана кітап пен оқырманның емес, сөздің салмағын, қаламның киесін арқалаған жандардың басын қосқан рухани ордаға айналды. Қазақ журналистикасының ардагері Ғафура Сәрсенбайқызының «Журналистика – жүрек ісі» атты шығармашылық кеші – тек мерейтойлық басқосу емес, тұтас бір дәуірдің рухын тірілткен тағылымды сәт болды, деп хабарлайды F16.kz сайты.

Шараға өңірдің зиялы қауым өкілдері, ардагер журналистер, мәдениет пен өнер қайраткерлері, кітапхана оқырмандары және жас қалам иелері жиналды. Еркін форматтағы жүздесу барысында қатысушылар Ғафура Сәрсенбайқызының шығармашылық жолына, журналистік ұстанымына, өмір мектебіне қатысты естеліктер мен сұрақтарға кезек беріп отырды.

Кештің әр сәті өткен мен бүгінді жалғаған көпірдей әсер қалдырды. Бір кездері облыстық журналистиканың қара шаңырағы саналатын «DIDAR» газетінің қарапайым тілшісінен бастап, қазақ журналистикасының ардақты тұлғасына айналған Ғафура Сәрсенбайқызының өмір жолы – адал еңбектің, табанды ізденістің және сөзге деген шексіз құрметтің көрінісі.

Еске салсақ, ол осы «DIDAR» газетінде 40 жыл еңбек етіп, 2014 жылы зейнет демалысына шыққан. Биыл мерейлі жасқа толып отырған ардагер журналистің еңбегі ел тарапынан жоғары бағаланып, әр өңірден бір ғана журналистке берілетін «Қазақстанның құрметті журналисі» төсбелгісі табысталды.

Салтанатты марапатты Қазақстан Журналистер одағының Шығыс Қазақстан филиалының төрағасы Мерей Қайнарұлы табыстап, Ғафура Сәрсенбайқызының қазақ журналистикасының дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Бұл марапат – бір адамның ғана емес, тұтас бір шығармашылық мектептің еңбегіне берілген баға іспетті. Себебі Ғафура Сәрсенбайқызы өткен ғасырға ғана емес, бүгінгі ақпараттық кеңістікке де із қалдырған буынның өкілі.

Кеш барысында ардагер қаламгер өз сөзінде «DIDAR» газетінің тарихтағы орнын ерекше тебіреніспен еске алды. Оның айтуынша, «DIDAR» – тек газет емес, талай таланттың қанатын қатайтқан үлкен шығармашылық мектеп.

— «Дидар» – Шығыстағы журналистиканың үлкен шеберханасы. Оралхан Бөкей, Дидахмет Әшімханұлы, Ермұрат Бапи, Мұрат Тастағанов, Тоқтарбек Қызықбаев, Ұлықбек Есдәулет сынды қазақ руханиятының көрнекті өкілдері осы қарашаңырақта шыңдалды. Сондықтан «Дидар» – жай ғана басылым емес, талай таланттың талабын ұштап, қанатын қатайтқан қасиетті мектеп, — деді Ғафура Сәрсенбайқызы.

Кеш мазмұнын ардагер журналистердің естеліктері одан әрі байытты. Айтмұхамбет Қасымов, Жұмағазы Игісінов, Уәлихан Тоқпатаев, Серік Құсанбаев сынды әріптестері өткен жылдарды сағынышпен еске алып, «DIDAR» мектебінің кәсіби талаптары мен шығармашылық тәртібі туралы әсерлі әңгімелер айтты.

Олардың айтуынша, ол кезеңде әр материал қатаң сүзгіден өтетін, әр сөзге жауапкершілікпен қарау – басты қағида болған. Сыннан қашу емес, керісінше сын арқылы өсу – журналистік ортаның жазылмаған заңы еді.

Кездесудің әсерлі тұстарының бірі – Жұмағазы Игісіновтің Ақан серінің «Қараторғай» әнін орындауы болды. Әннің әуені зал ішін тербеп, кешке ерекше лирикалық реңк берді. Жиналғандар өнер мен сөздің бір арнада тоғысқан сәтін ыстық ықыласпен қабылдады.

Шара барысында тек естеліктер ғана емес, жаңа есімдер де айтылды. Танымдық бағытта қалам тартып жүрген Мирас Өтей Қазақстан Журналистер одағының қатарына қабылданып, жас журналистер үшін бұл кеш рухани серпінге айналды.

Сондай-ақ Ғафура Сәрсенбайқызына Ұлан ауданы әкімінің және «Ұлан айнасы» аудандық газетінің құттықтау хаттары табысталып, жас өнерпаздардың әсем әні кештің шырайын аша түсті.

Бұл рухани кездесу бір ғана адамның шығармашылық жолын емес, тұтас қазақ журналистикасының қалыптасу мектебін, сөзге адал буынның рухын айшықтады. Журналистика – мамандық емес, жүрек таңдауы екенін дәлелдеген Ғафура Сәрсенбайқызының өмір жолы бүгінгі жас буынға бағыт-бағдар берер темірқазық іспетті.

Тегтер: Top
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған