F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Еліміздегі ең биік өткел: Шығыста Тереңсай көпірі ашылды

Оразай Жеңісұлы Оразай Жеңісұлы
30.10.2026, 14:16
Жаңалықтар
Фото: Қазавтожол

Фото: Қазавтожол

Ел Президентінің тапсырмасымен Шығыс Қазақстан облысында Тереңсай асуын айналып өтетін жаңа жол мен көпір ашылды, деп хабарлайды F16.kz.

Бұл жоба өңірдегі жол қозғалысының қауіпсіздігін арттырып, елді мекендер арасындағы көлік қатынасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Тік тау беткейлері, терең шатқал мен күрделі табиғи жағдай — жол құрылысы кезіндегі ең қиын сынақтардың бірі. Осындай жағдайда салынған жаңа көпір — инженерлік шешімдердің нақты нәтижесі. Пихтовка өзені арқылы өтетін, ұзындығы 175 метрлік көпір шатқалдан 45 метр биіктікте орналасқан.

Нысанның ашылу рәсіміне Үкімет басшысының тапсырмасымен өңірге келген ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев қатысты.

«Мемлекет басшысы жолдардың сапасы мен көлік инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Оның тапсырмаларының орындалуы халық үшін нақты нәтижесін беруі керек. Яғни жол қауіпсіздігі артып, елді мекендер арасындағы жол жүру уақыты қысқаруы тиіс. Жаңа айналма жол бұралаңы көп тау жолын айналып өтуге мүмкіндік береді. Қашықтықтары алшақ, қысы қатал Шығыс Қазақстан үшін бұл аса маңызды», — деді Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев.

Тереңсай асуы ұзақ жылдар бойы жүргізушілер үшін жолдың ең күрделі учаскелерінің бірі болып келді. Әсіресе қыс мезгілінде қарлы боран мен көктайғақ жол қозғалысын қиындатып, көліктердің жүруіне уақытша шектеу қоюға себеп болатын. Асудағы тік бұрылыстар мен өрлер де жүргізушілерден ерекше сақтықты талап ететін.

Енді бұл бағытта бет алған көліктер жаңа жолмен жүреді. Ұзындығы 12 шақырымға жуық айналма жол көліктерге қауіпті серпантинге соқпай, асуды айналып өтуге мүмкіндік береді. Жаңа бағыт жол жүру уақытын қысқартып қана қоймай, жол-көлік оқиғалары қаупін азайтуға, жолаушылар мен жүк тасымалының тұрақтылығын қамтамасыз етуге және қолайсыз ауа райы кезінде көлік қозғалысын тоқтатпауға ықпал етеді. Осылайша, Өскемен қаласы мен Алтай, Үлкен Нарын және Катонқарағай аудандары арасында жол жүру жеңілдей түспек.

«Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саясаттың негізінде халықтың өмір сүру сапасын арттыру, қалалар мен ауылдарда қолайлы жағдай жасау міндеті тұр. Бұл жолдың ашылуы — осы бағыттағы нақты қадам. Шығысқазақстандықтар Тереңсай асуынан өту қаншалықты қиын болғанын, әсіресе қыста жолдың машақаты көп екенін жақсы біледі. Сондықтан жаңа бағытты көптен күтті. Бұл жолмен адамдар үйлеріне, жұмысқа, туған-туыстарына барады, түрлі тауар тасымалдайды. Біз үшін ең бастысы, осындай сапарлардың қауіпсіз әрі қолайлы болуы», — деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Айналма жолдың құрылысы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ тарапынан республикалық маңызы бар автокөлік жолдарын дамыту және жаңғырту бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Ал Пихтовка өзені арқылы өтетін көпірді салу жол құрылысының ең жауапты кезеңдерінің бірі болды.

«Жоба аясындағы ең күрделі учаске Пихтовка өзені арқылы өтетін көпір құрылысы болды. Оның ұзындығы — 175 метр, шатқал үстіндегі биіктігі — 45 метр. Құрылым жеті аралықтан және сегіз тіректен тұрады. Шатқалдың жер бедері мен геологиялық ерекшеліктері арнайы инженерлік шешімдерді қажет етті. Нысанның сенімділігі мен көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құрылыс барысында күрделі табиғи жағдайлар ескерілді», — деді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев.

Жаңа жолдың пайдалануға берілуі Бұқтырма су қоймасына, Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне және «Рахман қайнарлары» шипажайына баратын жолды да қолайлы ете түседі. Бұл өңірдің табиғаты көркем жерлеріне келетін туристер санын арттыруға да ықпал етуі мүмкін. Ең бастысы, жол инфрақұрылымының жақсаруы шалғай елді мекендерге жетуді жеңілдетіп, Шығыс Қазақстандағы экономикалық және әлеуметтік байланыстардың нығаюына жағдай жасайды.

Қазақстандағы ең биік автокөлік көпірінің ашылуы — Шығыс Қазақстан үшін маңызды инфрақұрылымдық оқиға. Күрделі жер бедерінде бой көтерген көпір енді жүргізушілерге қауіпсіз бағыт ұсынып, өңірдегі көлік қатынасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Тегтер: F16
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа мүмкіндіктер экономикасы: ШҚО-да республикалық семинар өтіп жатыр

Жаңа мүмкіндіктер экономикасы: ШҚО-да республикалық семинар өтіп жатыр

06.11.2026, 17:08
Қорғаныс министрлігін тексеру: комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

Қорғаныс министрлігін тексеру: комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

06.11.2026, 15:14
Өскемендегі құрылысы тоқтап қалған үйдің үлескерлері облыс әкіміне жүгінді

Өскемендегі құрылысы тоқтап қалған үйдің үлескерлері облыс әкіміне жүгінді

06.11.2026, 14:35
Самар тасжолындағы апаттан кейін жүргізуші ауруханаға жеткізілді

Самар тасжолындағы апаттан кейін жүргізуші ауруханаға жеткізілді

06.11.2026, 12:02

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа мүмкіндіктер экономикасы: ШҚО-да республикалық семинар өтіп жатыр

06.11.2026, 17:08

Қорғаныс министрлігін тексеру: комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

06.11.2026, 15:14

Өскемендегі құрылысы тоқтап қалған үйдің үлескерлері облыс әкіміне жүгінді

06.11.2026, 14:35

Самар тасжолындағы апаттан кейін жүргізуші ауруханаға жеткізілді

06.11.2026, 12:02

Өскеменде саяжай өртенді: адам шығыны бар

06.11.2026, 11:14

Марқакөлді жарты метрге жуық қалың қар басып қалды

06.11.2026, 10:57

ШҚО әкімі Өскемен тұрғындарының мәселесін назарға алды

06.11.2026, 09:13

«Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасы: сапалы білім беруден әлеуметтік қолдауға дейін

05.11.2026, 19:30

Өскеменнің жаңа жылу станциясын кімдер салады?

05.11.2026, 17:14

«Әділет» партиясы мәдениет пен музей ісін дамытудың басым бағыттарын айқындады

05.11.2026, 16:17

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған