Самар тасжолында жүк көлігі мен екі жеңіл көлік соқтығысты. Жол апатынан кейін жүргізушілердің бірі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды F16.kz.
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәлімдеуінше, оқиға бүгін таңғы сағат 08:20 шамасында болған. Тасжол бойында КамАЗ, Cherry Tiggo және Toyota Carina E маркалы үш көлік соқтығысқан.
Toyota көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Басқа адамдар зардап шекпеді деп нақтылады полиция өкілдері.
Апат фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.




