F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қара Ертіске 93 мыңнан астам бекіре жіберілді

Оразай Жеңісұлы Оразай Жеңісұлы
03.11.2026, 11:41
Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында су биоресурстарын қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Осындай іс-шаралардың бірі – Қара Ертіс өзенін сібір бекіресімен балықтандыру. Экологиялық акцияға табиғатты қорғау саласының мамандарымен қатар «Жануар сақшылары» мектеп клубына мүше жас табиғат жанашырлары да қатысты, деп хабарлайды F16.kz.

Биыл шілде айынан қазанға дейін Зайсан ауданындағы Қара Ертіс өзеніне 93 420 сібір бекіресі жіберілді. Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жұмыс Боран ауылының маңындағы көпір тұсында жүргізілген.

«Балық қорын молайтуға және сирек кездесетін түрді сақтауға бағытталған іс-шаралар мемлекеттік тапсырыс аясында жүзеге асырылды», — делінген хабарламада.

Мамандармен бірге балықтандыру жұмыстарына Құмаш Нұрғалиев атындағы лицейдің оқушылары – «Жануар сақшылары» табиғат қорғау клубының мүшелері де қатысыпты.

«Су биологиялық ресурстарын қалпына келтіру – жануарлар дүниесін қорғау мен өңірдің табиғи тепе-теңдігін сақтаудың маңызды бағыттарының бірі. Сонымен қатар мұндай шараларға балалар мен жастарды тартудың маңызы зор. Өйткені балалар табиғатты қорғау туралы ақпаратты тыңдап қана қоймай, осындай экологиялық акцияларға өздері қатысқан кезде қоршаған ортаға деген жауапкершілігі артады. Өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениеті осындай бастамалар арқылы қалыптасады», — дейді Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы жануарлар дүниесін қорғау бөлімінің басшысы Бауыржан Әубәкіров.

Мұндай іс-шараларды өткізудің қажеттілігі Ертіс өзені экожүйесіндегі өзгерістермен де байланысты. Гидроэлектр станциялары каскадының салынуы балықтардың табиғи көші-қон жолдарын және уылдырық шашатын жерлерге жету мүмкіндігін шектеді. Бұл сібір бекіресінің санының азаюына әсер етті. Сондықтан балықтарды қолдан көбейту және су айдындарына жіберу жұмыстары аталған түрдің популяциясын көбейтуге әрі Ертіс бассейнінің биоалуантүрлілігін сақтауға мүмкіндік береді.

Іс-шараға сондай-ақ Зайсан және Марқакөл орман шаруашылықтарының, «Балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС Алтай филиалының, «Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ-нің, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Орман және аңшылық шаруашылығының жедел жасағы» КММ-нің өкілдері қатысты.

Тегтер: бекіреқара ертісШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

«Шығыс шақырады»: биыл өңірге 16 отбасы көшіп келді

«Шығыс шақырады»: биыл өңірге 16 отбасы көшіп келді

24.11.2026, 13:22
Қазақ тіліндегі контенттің көбеюіне екпін қойылып отыр —  Бағдат Мусин

Қазақ тіліндегі контенттің көбеюіне екпін қойылып отыр — Бағдат Мусин

24.11.2026, 12:57
Біздің мобильді интернет орташа әлемдік деңгейден үш есе арзан – министр

Біздің мобильді интернет орташа әлемдік деңгейден үш есе арзан – министр

24.11.2026, 12:10
Сарыбел тұрғындары интернет игілігін пайдалана бастады

Қазақстан 2027 жылдың соңына дейін 3G-ден толық бас тартады

24.11.2026, 12:02

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Шығыс шақырады»: биыл өңірге 16 отбасы көшіп келді

24.11.2026, 13:22

Қазақ тіліндегі контенттің көбеюіне екпін қойылып отыр — Бағдат Мусин

24.11.2026, 12:57

Біздің мобильді интернет орташа әлемдік деңгейден үш есе арзан – министр

24.11.2026, 12:10

Қазақстан 2027 жылдың соңына дейін 3G-ден толық бас тартады

24.11.2026, 12:02

Ұлттық мессенджер – Aitu туралы не белгілі?

24.11.2026, 11:30

Самарда үш мың гектарға жуық жер мемлекетке қайтарылды

24.11.2026, 10:23

Шалғай ауылдарға спутниктік интернет қосылып жатыр — ШҚО

24.11.2026, 09:15

ШҚО-да ТЖД қызметкерлері «Қауіпсіздік әр үйге» акциясын өткізді

23.11.2026, 18:02

Үлкен Нарын ауданында бірнеше ветеринариялық пункт ашылды

23.11.2026, 17:00

Шығармашылық әлеуетті дамыту: «Әділет» партиясы мәдениет саласына қандай серпін бермек?

23.11.2026, 16:01

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

imunify-bot-check
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған