Air.kz қосымшасына Өскемендегі экологиялық постар туралы ақпарат енгізілді. Деректер онлайн режимде жаңарып отырады, деп хабарлайды F16.kz.
«Өскемен тынысы» экологиялық бюросының» ақпараты бойынша, қосымшада 25 экологиялық посттың деректері көрсетіледі.
«Енді Air.kz ресми мобильді қосымшасында 25 экологиялық постың ақпараты қол жетімді. Өскемен қаласының барлық ауданы қамтылған. Нәтиже онлайн режимде көрсетіледі», — делінген хабарламада.
Еске салайық, өткен жылы облыс орталығында Сityair мониторингінің 25 заманауи станциясы орнатылды.





