Ескі Согра жақта орналасқан «Прогресс» саяжай алабындағы жазғы үйлердің бірі өртенді, деп хабарлайды F16.kz.
Құтқарушылар 64 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндірді. Алайда адам шығыны бар, өртенген үйден 1976 жылы туған әйел адамның денесі табылды.
ТЖД мәліметінше, қаза тапқан тұрғын үйдің иесі болған. Өрттің себеп-салдары мен қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
ТЖД мамандары электр құрылғылары мен пеш жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Төтенше жағдай туындаса 112 нөміріне қоңырау шалу керек.




