F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жаңа мүмкіндіктер экономикасы: ШҚО-да республикалық семинар өтіп жатыр

F16 F16
06.11.2026, 17:08
Жаңалықтар

Облыс орталығында «Жаңа мүмкіндіктер экономикасы: әйелдер, кәсіпкерлік және технологиялар» атты республикалық семинар өтіп жатыр, деп хабарлайды F16.kz.

Іс-шараны ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бірлесіп ұйымдастырды.

Семинарға Ұлттық комиссия мүшелері, ҚР азақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары, орталық мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, тәжірибелі сарапшылар, сондай-ақ еліміздің өңірлерінен келген жергілікті атқарушы органдардың, әйелдер кәсіпкерлігі мен ғылыми-сарапшылық қоғамдастықтың өкілдері қатысып жатыр.

Семинардың алғашқы күнінде, яғни 5 қарашада Ұлттық комиссия мүшелері көшбасшы әйелдер қауымымен, кәсіпорын басшыларымен және кәсіпкерлермен кездесті.

Кездесу барысында Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған басым бағыттарды іске асыру аясында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және олардың бастамаларын қолдау мәселелері сарапшылардың қатысуымен талқыланды.

Ал бүгін республикалық семинар ресми түрде ашылып, салтанатты іс-шарада Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов, Құрылтай депутаты, Ұлттық комиссия мүшесі Л. Қарабасова және «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі Г. Бижанова сөз сөйледі.

Қатысушылар әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған мәселелердің өзектілігін атап өтті. Бұл бағыттар Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған стратегиялық басымдықтармен тікелей үндесіп, жоспарланған реформаларды іс жүзінде жүзеге асыруға негіз болатыны айтылды.

Президент 2027 жылды «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс» жылы деп жариялады. Осы бастама аясында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тарта отырып, ондаған денсаулық сақтау, білім және мәдениет нысанын салу көзделген. Бұл әйел кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, өңірлердегі әйелдер кәсіпкерлігінің дамуына тың серпін береді.

Әйелдер дәстүрлі түрде қызмет көрсету, тауар жеткізу және жеңіл өнеркәсіп салаларындағы шағын және орта кәсіпкерлікте маңызды орын алады. Атап айтқанда, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін басқаратын әйелдердің үлесі 48,1% болды. Бұл көрсеткіш әйелдердің кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірлердің экономикалық әлеуетін нығайтуға қосып отырған үлесінің жоғары екенін көрсетеді.

Цифрлық жұмыспен қамтудың жеңілдетілген құқықтық режимін енгізу әйелдерге, әсіресе ауылдық жерлерде тұратын, көпбалалы және бала күтімі бойынша демалыстағы аналарға жаңа мүмкіндіктер береді. Фриланс, қашықтан жұмыс істеу және электрондық сауда сияқты бағыттардың дамуы цифрландыру арқылы өңірлер арасындағы табыс теңсіздігін азайтуға ықпал етеді.

Бүгінде экономиканы жаңғыртудың негізгі қозғаушы күшіне сапалы адами капитал мен технологиялық даму айналып отыр. Зияткерлік әлеуеті жоғары әйелдер қауымдастығы ғылымды қажет ететін және цифрлық кәсіпкерліктің дамуына жетекшілік ете алады. Қазір еліміздің жоғары оқу орындарында білім алушылардың 69 пайызы – қыздар мен әйелдер.

Семинар барысында үш негізгі бағыт бойынша баяндамалар тыңдалып, талқыланды:  «Жаңа экономикадағы әйелдер: жасанды интеллект пен цифрландыру экономикалық мүмкіндіктерді қалай өзгертеді?»; «Еңбек ету құқығы: жаңа конституциялық тұжырым»; «Әйел және цифрлық қоғам: білім беру, көшбасшылық және өңірлік деңгейде экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту».

Панельдік сессияларға Ұлттық комиссия сарапшылары — «Techno Woman» ұйымының басқарма төрайымы А. Шужеева, профессор, құқық мәселелері жөніндегі халықаралық сарапшы М. Хасенов, сондай-ақ Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ректоры С. Рахметуллина модераторлық етті.

Пікірталастар барысында өңірлерде табысты жүзеге асырылып жатқан бастамалар қарастырылып, шешуді қажет ететін бірқатар жүйелі мәселе көтерілді. Атап айтқанда, әйелдердің қолданыстағы қаржылық қолдау құралдарына қолжетімділігін қамтамасыз ету, 50 жастан асқан әйелдердің экономикалық белсенділігін қайта арттыру тетіктерін әзірлеу, әйелдер басқаратын кәсіпорындардың өнеркәсіптік кооперацияға қатысуын кеңейту және басқа да өзекті мәселелер талқыланды.

Республикалық семинардың Шығыс Қазақстан облысында өткізілуі кездейсоқ емес. Еліміздің шығыс өңірі – экономикалық және инвестициялық әлеуеті жоғары, табиғи ресурстарға бай, өнеркәсібі мен ғылыми-білім беру инфрақұрылымы дамыған, инновацияларды енгізуге кең мүмкіндігі бар аймақтардың бірі. Мұнда экономиканың жаңа бағыттарын дамытуға негіз болатын табиғи байлықтар, өндірістік қуат, зияткерлік және кадрлық әлеует шоғырланған.

Бүгінгі басты міндет – қолда бар ресурстарды тиімді пайдаланумен шектелмей, экономикалық дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашу, кәсіпкерлік бастамаларды дамыту, инновациялық жобаларды қолдау және әйелдердің экономикалық әрі технологиялық үдерістерге қатысу аясын кеңейту. Осы тұрғыдан алғанда, әйелдер көшбасшылығы, цифрландыру, технологиялық даму және кәсіпкерлік мәселелері ерекше маңызға ие.

Айта кетейік, ертең – семинардың қорытынды күні. Ашық есік күні аясында республикалық семинарға қатысушылар әйелдер басқаратын Happy Clinic және Montblank клиникаларының қызметімен танысып, Лу Бань шеберханасына, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының көпсалалы онкология және хирургия орталығына барады деп жоспарланған

Сонымен қатар, Oskemen Hub алаңында «AI-креатор: жасанды интеллект көмегімен бейнероликтерді қалай жасауға болады?» тақырыбында практикалық воркшоп ұйымдастырылады. Қатысушыларға консультациялық көмек көрсетіледі.

Республикалық семинар қорытындысы бойынша әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту және осы бағыттағы бірлескен жұмысты үйлестіру жөніндегі нақты ұсынымдарды қамтитын резолюция әзірленеді.

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қорғаныс министрлігін тексеру: комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

Қорғаныс министрлігін тексеру: комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

06.11.2026, 15:14
Өскемендегі құрылысы тоқтап қалған үйдің үлескерлері облыс әкіміне жүгінді

Өскемендегі құрылысы тоқтап қалған үйдің үлескерлері облыс әкіміне жүгінді

06.11.2026, 14:35
Самар тасжолындағы апаттан кейін жүргізуші ауруханаға жеткізілді

Самар тасжолындағы апаттан кейін жүргізуші ауруханаға жеткізілді

06.11.2026, 12:02
Өскеменде саяжай өртенді: адам шығыны бар

Өскеменде саяжай өртенді: адам шығыны бар

06.11.2026, 11:14

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа мүмкіндіктер экономикасы: ШҚО-да республикалық семинар өтіп жатыр

06.11.2026, 17:08

Қорғаныс министрлігін тексеру: комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

06.11.2026, 15:14

Өскемендегі құрылысы тоқтап қалған үйдің үлескерлері облыс әкіміне жүгінді

06.11.2026, 14:35

Самар тасжолындағы апаттан кейін жүргізуші ауруханаға жеткізілді

06.11.2026, 12:02

Өскеменде саяжай өртенді: адам шығыны бар

06.11.2026, 11:14

Марқакөлді жарты метрге жуық қалың қар басып қалды

06.11.2026, 10:57

ШҚО әкімі Өскемен тұрғындарының мәселесін назарға алды

06.11.2026, 09:13

«Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасы: сапалы білім беруден әлеуметтік қолдауға дейін

05.11.2026, 19:30

Өскеменнің жаңа жылу станциясын кімдер салады?

05.11.2026, 17:14

«Әділет» партиясы мәдениет пен музей ісін дамытудың басым бағыттарын айқындады

05.11.2026, 16:17

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған