Семсерлесуден Индонезияның Бали аралында өтіп жатқан Азия чемпионатында өскемендік спортшы Вадим Шарлаимов қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды F16.kz.
Іріктеу кезеңінде жақсы өнер көрсеткен Шарлаимов жартылай финалда жапониялық Масару Ямададан ұтылып қалды.
Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды қытайлық Ван Цзыцзе жеңіп алды. Екінші орынды Масару Ямада еншілесе, үздік үштікті Вадим Шарлаимовпен бірге Қытай өкілі Синькунь Чжан түйіндеді.