Алтай қаласында қазақ халқының ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының муралы салынды, деп хабарлайды F16.kz.
Мурал ақынның 180 жылдық мерейтойы қарсаңында Горький көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінің қабырғасына бейнеленген. Оның ашылу салтанатына өңірде тұратын түрлі этностардың өкілдері қатысты.
Бұл мурал — тек үйдің қасбетін безендіру емес, қаладағы қазақы болмысты насихаттайтын маңызды элемент. Ұлы ойшылдың бейнесі тұрғындарды, жастарды Абай мұрасын тереңірек зерттеуге және рухани құндылықтар туралы ойлануға ынталандырады деп ойлаймын, — деді аудан әкімі Ренат Құрмамбаев.
Жаңа арт-нысан қаланың келбетіне сән беріп қана қоймай, Абай тұлғасына деген терең құрметтің символына айналды. Ақынның адамгершілік және ағартушылық ой-толғамдары өскелең ұрпақ үшін үлкен маңызға ие.