Күршім ауылында қыркүйекке дейін 60 үй мен әлеуметтік нысандар орталықтандырылған жылуға қосылады. Бұл туралы Күршім ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жанболат Жамелхан айтты, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Қазіргі уақытта Күршім ауданында жылу желілерін жаңғырту бойынша жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Жергілікті билік өкілдері алдағы 5 ай ішінде коммерциялық және әлеуметтік нысандар, сауда үйлері, базар мен 60 жер үй орталықтандырылған жылуға қосылатынын айтады.
Аталмыш жоба жоспар бойынша биыл қыркүйек айында дейін аяқталуға тиіс.
Бүгінде Күршімде 36 көппәтерлі тұрғын үй бар. Оның 9-ы жылуға қосылған. Қалған үйлерді де жылумен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.