F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Күршімде агроөнеркәсіп саласын алға оздыратын жобалар қолға алынды

admin_f16 admin_f16
08.05.2025, 17:30
Күршім

Күршім ауданында ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған ауқымды жобалар қолға алынып жатыр, деп хабарлайды F16.kz.

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында егістік алқаптарының көлемін ұлғайту және ауыл шаруашылығын әртараптандыру жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылып жатыр. Бұл бастама – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл шаруашылығы өнімдерін 2024–2028 жылдар аралығында екі есеге арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жобалардың бірі.

Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында аудан көлемінде тиімді жер пайдалануды қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту және заманауи технологияларды енгізу бағытында нақты шаралар қабылдануда. Соның нәтижесінде жергілікті инвесторлар мен кәсіпкерлер туған жерлеріне оралып, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға белсене атсалысып жатыр.

Осындай іскер азаматтардың бірі – Күршім өңірінің тумасы, көп жыл бойы әскери салада қызмет еткен Қайыргелді Зарыпханұлы. Қазіргі таңда ол Өскемен қаласындағы «Шығыс май» компаниясының директоры қызметін атқарып жүр. Елге оралған соң туған топыраққа ту тігіп, ауыл шаруашылығы саласына инвестиция құюға шешім қабылдаған. Оның бастамасымен Күршім ауданындағы Маралды ауылының маңынан жер телімі беріліп, оған егін егілмек.

Елге келіп, инвестиция салып, техника әкеліп, жер жыртып, егін екпекпіз. Келешекте құрама жем және май зауыттарын салсақ деген жоспарымыз бар. Бұл жобалар жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Жаңадан алынған техникаларды ауыл адамдары басқарып, заманауи аграрлық тәжірибе жинайды, – деді Қайыргелді Зарыпханұлы.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, қазір өңірде жалпы көлемі 26 мың гектар егістік жер бар. Бұған қосымша 10 мың гектардай босалқы жерлер бар, олар болашақта айналымға енгізілмек.

Ауыл шаруашылығы саласындағы бастамаларды жүзеге асыру үшін аудан әкімдігі «Шығыс май» компаниясымен бірлесіп жұмыс істеуге көшті. Көктемгі егіс науқаны қарқынды басталып, жаңа ауыл шаруашылығы техникалары жеткізілді.

Бос жатқан жерлерді бірлескен шаруа қожалықтары арқылы игере бастадық. Жаңа техника күшімен егіс көлемін ұлғайту – ауыл шаруашылығының тиімділігін арттырып, өңір экономикасына серпін береді, – деді Күршім ауданы әкімінің орынбасары Алмас Ижимов.

Аудан басшылығы мен кәсіпкерлердің тығыз серіктестігі арқасында Күршімде ауыл шаруашылығы дами түсті. Қайыргелді Зарыпханұлы сияқты туған жердің дамуына үлес қосып жүрген азаматтардың бастамасы еліміздің аграрлық әлеуетін арттыруға айтарлықтай үлес қосатыны сөзсіз.

Фото: Күршім ауданы әкімдігі

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Күршім ауруханасының бірнеше бөліміне күрделі жөндеу жүргізілді

Күршім ауруханасының бірнеше бөліміне күрделі жөндеу жүргізілді

14.03.2026, 17:15
Күршімде Жастар ресурстық орталығы жаңарды

Күршімде Жастар ресурстық орталығы жаңарды

10.02.2026, 17:21
ШҚО-да құсбегіліктен облыстық чемпионат өтті

ШҚО-да құсбегіліктен облыстық чемпионат өтті

09.02.2026, 14:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жас ұстаз Жалғас Болатханұлы шекара түбіндегі ауыл мектебін неге таңдады?

27.04.2026, 18:23

Айналма жолдың ортасынан ер адамның денесі табылды – Өскемен

27.04.2026, 17:38

ШҚО-да қан тапсырғандарға берілетін төлемақы мөлшері артты

27.04.2026, 17:00

Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз болуға тиіс — Аида Балаева

27.04.2026, 16:23

Шымкент халқы Шығысты таңдап отыр: биыл оңтүстіктен 200 адам көшіп келуге ниетті

27.04.2026, 16:00

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

27.04.2026, 15:22

Өзен трамвайларын жаңа маусымға дайындап жатыр – Өскемен

27.04.2026, 15:01

Қазақстанда өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды

27.04.2026, 14:30

Марқакөл мен Зайсанда салынатын казинолар қалай жұмыс істейді?

27.04.2026, 14:00

Арбатта тұрғындарға тегін құқықтық және қаржылық кеңес береді

27.04.2026, 12:41

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған