Бүгін Күршім ауданында «Жасыл ел» еңбек жасақтарының XXI маусымы ашылды, деп хабарлайды F16.kz.
Биыл облыс бойынша 1000-ға жуық жас қала мен ауылды көркейтуге атсалыспақ.
Саланатты шараға «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық, облыстық штаб басшылары, әр ауданның Жастар орталығы басшылары мен еріктілер қатысты.
Айта кетейік, «Жасақ ел» жасақтары 2005 жылы Президент қолдауымен құрылған. Биыл 20 жыл болды. Осыған орай республика бойынша түрлі шаралар, экоәдеттер челенджі жоспарланған. «Жасыл ел» жасағының өкілдері де осы шараларға қатысып, жеңімпаздар республикалық деңгейде өтетін жабылу салтанатында марапатталмақ.
Осы жиырам жылда облыстық «Жасыл ел» штабы елеулі еңбек атқарып, 14-35 жас аралығындағы жұмыссыз жастар мен студенттерді жазғы маусымда еңбекпен қамтып келеді.
Шара соңында жиынға қатысушылар орталық саябақта көшет егіп, үлкен көпірдің маңында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Фото: F16.kz