Бүгін, 29 сәуірінде Шығыс Қазақстан облыстық экология департаментінің қызметкерлері полициямен бірлесіп Үлбі өзені жағалауындағы су қорғау аймағында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін анықтауға бағытталған рейд жүргізді, деп хабарлайды F16.kz.
Бұл шара «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында және әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижелері негізінде ұйымдастырылды.
Талаптың орындалуы департаменттің ерекше бақылауына алынды.
Осы орайда экология департаментінің мамандары аймақ тұрғындарын санитарлық тәртіпті сақтауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырады.
Фото: ШҚО экология департаменті/видеодан алынған кадр