27 тамыз күні облыс орталығында “Өскемен өнімі” дәстүрлі көрмесі өтеді, деп хабарлайды F16.kz.
Іс-шараның мақсаты – кәсіпкерлерді қолдау, өнімдерін жарнамалау, жаңа нарықтарға жол ашу және өзара тәжірибе алмасу.
Шараға Өскемен қаласының шағын, орта және микробизнес өкілдері қатыса алады. Көрмеге қатысу үшін Чехов көшесі, 33 мекенжайына барып өтінім беруге болады. WhatsApp: 8 707 671 8494(Әсемгүл Исламбекқызы), – делінген Өскемен қаласы әкімдігінің хабарламасында.