Бүгін Өскеменде «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, деп хабарлайды F16.kz.
Шара барысында тәртіп сақшылары рейд жүргізіп, айыппұлдан жалтарғандарға заң аясында тиісті шара қолданылады
Қала көшелерінде бақылау күшейіп, арнайы рейд ұйымдастырылады. Бұған дейін айыппұл арқалап, төлемей жүрген жүргізушілерге мәжбүрлі түрде өндіру шарасы қолданылады, — дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Рейд кезінде көлік нөмірін автоматты тану жүйесі қолданылады. Яғни, көлік нөмірлері арқылы деректер базасынан ақпарат алуға болады.
Сондықтан тәртіп сақшылары айыппұлды дер кезінде төлеу керектігін ескертеді.