Зайсан ауданында 18 жасқа дейінгі қыздар арасында оқ атудан «Мерген ару – 2025» атты ашық аудандық біріншілік өтті, деп хабарлайды F16.kz.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Рамазанов Ришат Сағибекұлы, спорт ардагері Серікбаева Сәуле Жұмабекқызы, оқ атудан жарыс жүлдегерлері — Қанатбаевтар отбасы, Сейфуллина Дана және Қусанбаева Гүлзат құрметті қонақ ретінде қатысып, сөз сөйледі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудан әкімі мен мәслихат төрағасының атынан диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Белсенді қатысушыларға алғыс хаттар, арнайы номинациялар табысталды.
Айта кетейік, Зайсан ауданы бойынша 6702 адам Ұлы Отан соғысына қатысқан. 3229 адам оралса, 1817-сі майданда қаза тауып, 2923 адам хабар-ошарсыз кеткен.