F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Үңірейген үйлер, тозған аурухана, жұмыссыздық: Асубұлақтың қазіргі тыныс-тіршілігі

admin_f16 admin_f16
29.03.2025, 09:00
Басты, Журналист жол үстінде, Фоторепортаж
Үңірейген үйлер, тозған аурухана, жұмыссыздық: Асубұлақтың қазіргі тыныс-тіршілігі

Өскеменнен 60 шақырым жердегі Асубұлақ кентінде қазір 2 мыңға жетер-жетпес адам тұрады. Көшесі көріксіз, жолдары шұрық тесік, үйлері үңірейіп бос қалған елді мекеннің ауруханасы тозған. Жергілікті жұрттың жалғыз табыс көзі – мал. Тұрақты жұмыс жоқ.

F16.kz тілшілері кенттің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.

Үңірейген үйлер, тозған аурухана, жұмыссыздық: Асубұлақтың қазіргі тыныс-тіршілігі

Бұрын қандай болды?

Өткен ғасырдың 70-ші жылдары Ұлан ауданының Асубұлақ кентінде 25 мыңға жуық адам тұрған. Кентте 120 төсек-орын аурухана, 1600 оқушыға арналған екі білім ордасы, спорт және музыка мектептері, бірнеше балабақша болған. Тіпті телевизиялық сигнал қабылдау және тарату желісі жұмыс істеді. Тау-кен байыту комбинаты бірнеше мың адамды еңбекпен қамтыды. Комбинаттың қосалқы шаруашылығы ретінде мал шаруашылығы кешені мен жылына 3 миллион кірпіш құятын зауыт жұмыс істеді. Көпқабатты тұрғын үйлер салынып, орталықтандырылған жылу және ауызсу желісі тартылған. Екі жатақхана, кинотеатр, 100 орындық медициналық емдеу-сауықтыру мекмесі, 100 адамға арналған дәмхана, бірнеше дүкен, дәріхана, көкөніс қоймасы, пионерлер лагері, спорт залы бар 192 оқушыға арналған оқу комбинаты жұмыс істеді. Көшесі көрікті, жолы асфальт, саябағы абаттанған өркенді өңір еді…

Үңірейген үйлер, тозған аурухана, жұмыссыздық: Асубұлақтың қазіргі тыныс-тіршілігі

Қазір қандай?

Шаруасы шалқып, дәуірлеп тұрған Асубұлақтан қазір жұрнақ та қалмады. Тоқсаныншы жылдардың топалаңында тоз-тозы шыққан елді мекеннен жұрт үдере көшті. Жұмыссыздық, қаңыраған үйлер, тозған инфрақұрылым.

Үңірейген үйлер, тозған аурухана, жұмыссыздық: Асубұлақтың қазіргі тыныс-тіршілігі

Елу жылдан бері осы кентте тұрып келе жатқан Халида Тұмарбаева неше жылдан бері шешімін таппай келе жатқан интернет, жол, абаттандыру, денсаулық сақтау мәселелерін тілге тиек етті. 

– Интернет өте нашар. Бұл балалардың сабағына, мұғалімдердің жұмысына кедергі. Ең қиыны ауруханадан дәріні уақытында ала алмаймыз, өйткені интернеттің сапасыздығынан еgov істемейді. Ал онсыз дәрі бермейді. – деді кент тұрғыны Халима Тұмарбаева.

Ондай проблеманың бар екенін ауылдық дәрігерлік амбулаторияның қызметкерлері растап отыр.

– Қазір жұмыстың бәрі компютер арқылы істелетін болғандықтан интернеттің нашарлығы кедергі туғызады. Кейде істемей қалатын кездер де болады. Мәселен, науқас адамға жолдама бергенде, дәрі-дәрмек алғанда және басқа да қызметтерді атқарғанда интернет керек. Онсыз жұмыс бітпейді. – деді Асубұлақ дәрігерлік амбулаториясының аға медбикесі Гүлдария Нұрахметова.

Жарты ғасырлық амбулаторияның жағдайы мәз емес

Амбулаторияның интернеті ғана емес, ғимараты да көңіл көншітпейді. Іргетасы қаланғанына жарты ғасырдан асқан қос қабатты ғимараттың төбесінен су сорғалап, қабырғаларының сылағы түсіп, бөлмелері дым тартқан соң былтыр шатырын жөндеген.

Үңірейген үйлер, тозған аурухана, жұмыссыздық: Асубұлақтың қазіргі тыныс-тіршілігі

– Аурухана 1970 жылдары салынған, ескі. Былтыр төбеден су аққаннан кейін шатырға жөндеу жүргізілді. Қазір су ақпайды. Алдағы уақытта аудандық аурухананың басшылығы жапсарлас тұрған қос қабатты ғимаратты жөндеп беретін болды. Жобалық-сметалық құжаттары дайын, – деп қосты аға медбике.

Маманның айтуынша, қазір мекемеде үш зейнеткер жұмыс істейді. Жас мамандардың келгісі жоқ. Өйткені ауылда қаладағы сияқты жағдай жасалмаған.

— Егер жастар келіп жатса қуана-қуана орнымызды босатып берер едік, – дейді зейнеткер Гүлдария Нұрахметова.

Айта кетейік, Асубұлақ дәрігерлік амбулаториясында қазір барлығы 13 адам еңбек етеді. Оның ішінде терапевт, акушер-гинеколог, ересектер мен балаларды қарайтын төрт учаскелік медбике және басқа да мамандар бар.

Үңірейген үйлер, тозған аурухана, жұмыссыздық: Асубұлақтың қазіргі тыныс-тіршілігі

Комбинат ашыла ма?

Асубұлақ кентінің әкімі Нұрлан Дүйсембаев дәрігерлік амбулаторияға күрделі жөндеу көктем шыға басталатынын айтты.

– Кетеуі кеткен медицина ғимаратына биыл күрделі жөндеу жүргізу жоспарда тұр. Жер дегдіген соң жұмыстар басталады. Сондай-ақ дәрігер мамандар шақырып отырмыз. Амбулаторияның зертханасы, жатып емделетін төсек-орындары ашылады деген үміттеміз, – деді Нұрлан Дүйсембаев.

Әкім келешекте іске асатын кентті дамыту жоспарлары туралы айтты. Оның сөзіне қарағанда, округ аумағында кен барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Болашақта кен-байыту комбинаты ашылмақ. Егер жоспар іске асса округке қарасты бірнеше елді мекеннің тұрмыс-тіршілігіне, халықтың әлеуметтік жағдайына оң әсер кетпек. “Тұрақты жұмыс болса халық саны да өседі”, – дейді әкім.

Автобекет тозып тұр

Жергілікті тұрғын Халима Тұмарбаева кент ішіндегі қаңырап бос тұрған үйлер мен ғимараттар адамдарға қауіпті дейді. Қираған ғимараттардың төбесі опырылып құласа балаларды басып қалуы ғажап емес. Ал ондай көпқабатты бос үйлер Асубұлақты тым көп.

Үңірейген үйлер, тозған аурухана, жұмыссыздық: Асубұлақтың қазіргі тыныс-тіршілігі

– Автобекет тозып тұр. Төбесі құласа адамдарды басып, оқыс жағдай болуы мүмкін. Оны ойлайтын ешкім жоқ. Сол секілді үңірейген үйлер де қауіпті. Ойын баласын басып қалса қайтеді? Ойлаудың өзі қорқынышты. Не оны бұзып, орнын тазаламайды, не оны іске жаратпайды, – деп қынжылды тұрғын.

Бұрын Асубұлақта тұрған, кейін отбасы жағдайымен Өскеменге қоныс аударған Досымбек есімді азамат тұрғындардың ауылдан көшуінің басты себебі жұмыссыздық болғанмен денсаулық сақтау саласындағы мәселелер де жанама әсер еткенін жасырмайды.

– Ауылда қалған жұрттың дені егде жастағылар. Жастар тоқтамайды, мектеп бітірген соң қалаға кетіп қалады. Ал қариялардың денсаулығы жиі сыр беріп, ауырып қалады. Қарапайым ем-дом алайын десе амбулаторияның жағдайы анау. Кейде іздеген дәрің болмай қалады. Ауданға, қалаға жібереді. Бірер жыл бұрын анам сырқаттанып қалғанда ол кісіні Тавриядағы аудандық ауруханаға апарып емдеттік. Екі ортада сандалып жүргенің. Содан ата-анамды алып Өскеменге көшіп кеттік, – деді Досымбек.

Тұрғындар кенттегі бірқатар нысанға жөндеу жүргізу қажеттігін айтты. Мәселен, орталық саябақ пен спорт кешенінің жөндеу көрмегеніне біраз жыл болыпты. Көше жолдары да шұрық тесік. “Асубұлақтың бұрынғы дәулеті мен сәулетін қайтармаса да ескі ғимараттарды жаңғыртып, жол жөндеп, көшелерді абаттандыруға болады ғой” дейді тұрмыс тауқыметінен қажыған қарапайым халық. Жергілікті билік бұл проблемалар алдағы уақытта шешілетінін айтты. Бірақ қашан екенін нақтыламады. 

Үңірейген үйлер, тозған аурухана, жұмыссыздық: Асубұлақтың қазіргі тыныс-тіршілігі

Дәурен Жаңбырбаев

Фото: F16.kz

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО бюджеті 27 миллиард теңгеге қысқарды

ШҚО бюджеті 27 миллиард теңгеге қысқарды

12.06.2025, 17:03
Өскемен, Зайсан мен Тарбағатайда жаңа кинотеатрлар салынады

Өскемен, Зайсан мен Тарбағатайда жаңа кинотеатрлар салынады

12.06.2025, 11:28
Туристер үшін жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауымыз қажет – облыс әкімі

Туристер үшін жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауымыз қажет – облыс әкімі

11.06.2025, 11:30
ШҚО-ның тәжірибесін кеңінен тарату қажет – Премьер-министр

ШҚО-ның тәжірибесін кеңінен тарату қажет – Премьер-министр

10.06.2025, 14:58

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

13.06.2025, 17:17

Алты адамды судан құтқарып қалды – ШҚО

13.06.2025, 17:00

Биыл 10 мың бала тегін демалады

13.06.2025, 16:16

Катонқарағайдағы автобус аялдамалары жаңартылып жатыр

13.06.2025, 16:00

Халықтық спорт ойындарына қатысушылар саны артып келеді – ШҚО

13.06.2025, 15:39

Суретшілер байқауының жүлдегерлері анықталды – Катонқарағай

13.06.2025, 15:17

Шығыстан шыққан қаламгерлердің шығармашылығы көпке таныстырылды

13.06.2025, 15:01

144 миллион теңге жымқырған: Өскеменде мектеп есепшілеріне үкім шықты

13.06.2025, 14:49

Су саласы мамандарының жалақысы 50%-ға дейін өседі

13.06.2025, 14:24

Президент: Дәрігер болу – жүректің ісі

13.06.2025, 14:00

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған