Шығыстағы туризмді тұғыр еткен Катонқарағай былтыр Президент жарлығымен жеке аудан болып ірге көтерген еді. Бұл өңірдің қазіргі тыныс-тіршілігі қалай? Ұзақ жылдар бойы халықты мазалаған ауызсу, интернет, жол қатынасы, отын-көмір тапшылығы, көші-қон сынды мәселелер шешімін тапты ма? Ауылдағы ағайынның басқа қандай арзу-арманы бар?
Шекаралық аймақтың проблемасын көтеретін F16.kz журналистері Катонқарағай ауданына барып, көптің көкейіндегі түйткілдерге жауап іздеді.