F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Көшкен ел, көріксіз ауыл… Қайта құрылған Марқакөл ауданының бүгінгі тыныс-тіршілігі қалай?

admin_f16 admin_f16
05.11.2024, 09:00
Басты, Фоторепортаж, Шекаралық аудан
Көшкен ел, көріксіз ауыл... Қайта құрылған Марқакөл ауданының бүгінгі тыныс-тіршілігі қалай?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен биыл қайта құрылған Марқакөл ауданында қазір бар-жоғы 7 мыңнан астам адам қалған.

Халқы жылдан-жылға азайып бара жатқан шекара түбіндегі ауданның тыныс-тіршілігін көріп, шалғайдағы тұрғындардың тұрмысымен жақынырақ танысу үшін F16.kz тілшілері Марқакөл өңірінде болып қайтты.

Арнайы сапардан түсірілген фотосуреттерді оқырман назарына ұсынамыз. Суреттер сөйлесін.

\"\" Марқакөл ауылына кіреберіс қақпа. Ауыл азаматтарының қолдауымен тұрғызылған.

\"\" Өскемен-Марқакөл республикалық тасжолы. Қыстыгүні бұл жол жиі жабылады. Әсіресе, қар қалың жауғанда және боран-шашын болғанда қатынау қиындайды.

\"\" \"\" \"\" Марқакөл ауданының орталығындағы құрылысы аяқталмай қалған жаңа спорт нысаны. Жобаның құны – 433 млн теңге. Спорт кешенінің құрылысы 2022 жылы басталған. Алайда жұмыс жол ортада тоқтап, нысан межелі уақытта қолданысқа берілмей қалды. Қазір спорт кешенінің есік-терезелері қирап, қабырғасы құлап жатыр.

 

\"\" \"\" Шекараға таяғанда ұялы телефонға «Қытайға қош келдіңіз!» деген хабарлама келеді. «Бұл жергілікті халыққа моральдық-психологиялық тұрғыдан жаман әсер етеді» дейді Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров.

\"\" \"\" Алты-жеті түтін қалған Былғары Табыты ауылында мектеп те, медициналық пункт те жоқ. Ұялы байланыс пен интернет те тартылмаған. Тұрғындар жергілікті байланыс операторының роумингі арқылы «қытай интернетін» пайдаланып отыр.

\"\" \"\"\"\"  Қазақстан ауылындағы қаңырап тұрған құдық. Бұл елдімекенде «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында ауызсу құбыры тартылып, құдықтар орнатылған. Бірақ тұрғындар мемлекеттік бағдарламаның игілігін әлі көре алмай отыр.

 

\"\" Марқакөл ауылының байырғы тұрғыны, ардагер журналист Абзалбек Мұхаметжанов шекара маңындағы елдімекендерден халықтың жаппай көшіп жатқанына алаңдайды.

\"\" Аудан орталығында ескі ғимараттарды жөндеу қарқынды жүріп жатыр. Бұл ғимараттарға мемлекеттік мекемелер орналасатын болады. 

 

\"\" Қайта құрылған ауданда көрнекі орындар аз. Әзірге ауылдың ажарын ашып тұрған жалғыз нысан – Марқакөл мешіті.

\"\" Ауылды «асырап отырған» ескі трактор. Жем-шөп, отын-көмір бәрі осы трактормен жеткізіледі. Бірақ жыл өткен сайын көне техниканың жүруінен бұзылып тұруы жиілеген. Ал оның қосалқы бөлшектері удай қымбат, үлкен қалалардан тапсырыспен алдырады.

 

\"\" 40 шақты отбасы ғана түтін түтетіп отырған Қазақстан ауылы. Он жыл бұрын бұл ауылда 80 үй болатын.

\"\"\"\"  Тал-терегі қурап, жаңбырдан кейінгі жолдары езіліп, қора-жайларының сыртын су айғыздаған ауылдың келбеті жүдеу.

 

\"\" Қазақстан ауылының орталық көшесі. Асфальтты қойып қиыршық тас төселмеген қара жол жаңбыр жауса аяқ алып жүргісіз ми батпаққа айналады.

 

\"\" Ауыл тұрғындары ардагерлерін ерекше құрметтейді. Жүдеп-жадаған көшеге сән беріп тұрған ескерткіш тақта ғана. Адамдар кейде осы жерге келіп фотосуретке түседі.

 

\"\" Бұл жақтың халқы малмен жанын бағып отыр. Бірақ соңғы жылдары мал өсіріп пайда табу да қиындап кеткен. Жем-шөпке, жанар-жағармайға шашылатын шығын көп. Ал малды сойып, етін қалаға апарып өткізудің азабын айтпаса да белгілі. Адамдар төрт түлігін алыпсатарларға нарықтан төмен бағаға сатуға мәжбүр.

Фото: F16.kz

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО бюджеті 27 миллиард теңгеге қысқарды

ШҚО бюджеті 27 миллиард теңгеге қысқарды

12.06.2025, 17:03
Өскемен, Зайсан мен Тарбағатайда жаңа кинотеатрлар салынады

Өскемен, Зайсан мен Тарбағатайда жаңа кинотеатрлар салынады

12.06.2025, 11:28
Туристер үшін жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауымыз қажет – облыс әкімі

Туристер үшін жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауымыз қажет – облыс әкімі

11.06.2025, 11:30
ШҚО-ның тәжірибесін кеңінен тарату қажет – Премьер-министр

ШҚО-ның тәжірибесін кеңінен тарату қажет – Премьер-министр

10.06.2025, 14:58

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Халықаралық ақындар айтысының жеңімпаздары марапатталды — ШҚО

14.06.2025, 20:01

Аламан бәйгеде Тарбағатайдың сәйгүлігі топ жарды

14.06.2025, 12:32

ШҚО әкімі және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары шекара бөлімшелеріне барды

14.06.2025, 11:30

Топқайын ауылында интернет желісі іске қосылды

14.06.2025, 11:18

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі»: рухани мерекенің алғашқы күні тарихи сәттермен өрнектелді

14.06.2025, 10:30

Қарт Алтайдың баурайында поэзия фестивалі өтті

14.06.2025, 10:15

Шығыс Қазақстандағы ең ірі ипподром Катонқарағайда салынды

14.06.2025, 09:08

Катонқарағайда ғимараттар үшін бірыңғай дизайн-код енгізіледі

13.06.2025, 18:23

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

13.06.2025, 17:17

Алты адамды судан құтқарып қалды – ШҚО

13.06.2025, 17:00

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған