Орталық референдум комиссиясы аумақтық референдум комиссияларының хаттамалары негізінде 6 қазанда өткен республикалық референдумның қорытындысын жариялады.
7 қазанда референдум комиссиясының брифингінде референдумның алдын ала нәтижесі жарияланған болатын, деп хабарлайды F16.kz сайты.
Дауыс беруге қатысқан азаматтардың 71,12 пайызы немесе 5 561 937 адам Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесін қолдаған. Ал қарсы дауыс бергендер саны – 2 045 271 адам.
Фото: avestnik.kz